Шымкент: Қала әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш.Мұқан этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени бірлестіктермен кездесу өткізді.

Айта кетерлігі, мегаполис мәртебесін алған Шымкент қаласы тұрғындарының 38 пайызын этнос өкілдері құрайды. Халықтың осы санатын жалпыұлттық міндеттерге жұмылдыруда 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарады.

Сондай-ақ орта арнаулы оқу орындарында 29 «Достық» клубтары жұмыс істейді.

Кездесуде этносаралық қатынастар саласындағы ахуал, проблемалық мәселелер және оларды шешу жөніндегі шаралар талқыланды. Талқылау барысында Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш.Мұқан: “Елімізде тұрақтылық пен келісім үйлесім тапқанда ғана, болашаққа үмітпен қарауға, іргелі реформаларды іске асыруға мүмкіндік бар.

Біз кез келген қиындықтар мен кедергілерді тек бірге бірлікте, татулықта, өзара сыйластықта ғана еңсере аламыз», – деді.

Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдар мен құрылымдардың этносаралық қатынастар саласындағы жұмысын жаңғырту мәселелері де қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш. Мұқан олардың этносаралық саладағы қызметін одан әрі жетілдіру, азаматтық қоғамды, этномәдени бірлестіктерді, бұқаралық ақпарат құралдарын бірлескен жұмысқа белсенді тарту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Бәйдібек ауданында биыл жылына 800 тонна өнім өндіретін жылыжай кешені ашылады[:]

Tue Sep 22 , 2020
Бәйдібек ауданындағы Жамбыл ауылында “Бақыт-Ислан” ЖШС-і заманауи озық үлгідегі жылыжай кешенін салуда. Жалпы аумағы 5 гектар, жылыжайдың аумағы – 3 га. Жобаның құны – 750 млн теңге. Жылыжайдың жылдық қуаттылығы – 700-800 тонна. Кешенде 60 адам жұмыспен қамтылатын болады. 2019 жылдың тамыз айында құрылысы басталған жоба биыл толық аяқталып жұмысын […]