Шымкентте арақ, шарап пен коньяктың ірі партиясы жойылды. Бульдозер жеті мың бөтелкеге жуық заңсыз өндірілген ішімдік мен 13 тоннаға жуық этил спиртін жойды, – деп хабарлайды “AstanaTV” телеарнасы. Телеарна мәліметі бойынша, егер заңсыз өндірілген ішімдікті жергілікті дүкендерге таратып үлгерсе, тауар иелері 18 миллион теңге табыс табар еді. Алайда жерасты цехын Экономикалық […]

Елорда мен Ақмола облысының тұрғындары мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден аса шығын келтірген. Олар бюджетке аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтаруға тырысып, бизнес субъектілеріне жалған шот-фактура жазған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-ның 216-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген. “Тергеу барысында айыпталушылар заңға қайшы әрекетімен мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден аса сомаға материалдық […]

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық қорғау саласының ахуалы, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндалды. Президентке қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері туралы ақпарат […]

TikTok әлеуметтік желісінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінен үзінді видео тарады. Видео кадрларында ол COVID-19 вакцинасы зерттелмеген және оның адамдарға әсері белгісіз дейді. Видео авторлары Алексей Цой “Спутник V” вакцинасы туралы айтып жатқанына сенімді, – деп хабарлайды Stop Fake. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі видеоға түсінік берді. […]

Таразда облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала түсті. Бұл туралы полиция өкілі мәлім етті. “Тараз қаласының полиция басқармасына облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған  үш кәмелетке толмаған бала жеткізілді деген хабарлама түсті. Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысты жасаған күдікті анықталып, ұсталды”, – […]

Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сүйенсек, 18 сәуірде Қазақстанда 18 адамда COVID-19 белгілері бар пневмония анықталған. ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Бір тәулікте 30 адам коронавирустан және үшеуі пневмониядан қайтыс болды. 20 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 997 адам коронавирус инфекциясынан (38 634 КВИ+ және 363 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 13 836 науқас […]

Семей қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімі өкілдері Березовский кентіндегі “бұлақтан аққан қанға” қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды  ADILET.TV  тілшісі  Arnapress.kz. сайтына сілтеме жасап. “13 сәуірде сағат 15:10-да “Восток Бройлер” ЖШС-нің мал сою алаңында жабдықтар тозуына байланысты, қасапхана қалдықтарын тасымалдау жүйесі істен шыққан, бұл олардың кәсіпорынның қалдықтарды тазарту қондырғыларына жіберілуіне әсер […]

Ақмола облысы коронавирустың таралуы бойынша тағы да “қызыл” аймаққа өтті, – деп хабарлайды ADILET.TV  тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 20 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай: “Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. “Сары” аймақта: Алматы, Шығыс […]

Мемлекет басшысы бірнеше заңға қол қойды,- деп хабарлайды ADILET.TV  тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Президент қол қойды: “Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына; “Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына; “Тәуелсіз […]

Елімізде Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын республика аумағына заңсыз өткізу және пайдалану жағдайлары өскен. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Автокөліктер Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Ресейдің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелінеді, өз мәртебесі бойынша шетелдік тауар саналады (яғни ЕАЭО тауарлары […]

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, – деп хабарлайды ADILET.TV  тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент биыл 16 сәуірде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте берген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы жайында баяндалды. Марат Ахметжанов Агенттік қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне […]

Қазақстан жолдарында өлім-жітім көрсеткіші артқан. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі. “2021 жылдың басынан бері қозғалыс жылдамдығының жаңаруын, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар жеткіліксіздігін ескерсек, апат көрсеткішінің өскені байқалады. 2021 жылдың үш айында апат саны 4 пайызға (2 740-тан 2 […]

“Қазгидромет” синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Adilet.tv тілшісі. Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінен келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады. “Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ кей жерде 3 градусқа дейін аяз болады”, […]

49 жастағы алматылық әйел 20 жыл құжатсыз тұрған. Оның үш баласының да туу туралы куәлігі мен жеке куәлігі жоқ, – деп хабарлайды Polisia.kz. Портал мәліметінше, әйел 1974 жылғы үлгідегі (КСРО) төлқұжатын 20 жыл бұрын жоғалтқаны, содан бері құжатсыз өмір сүргені анықталған. “Құжаттардың болмауына байланысты және қиын қаржылық жағдайды ескере отырып, 1996 […]