Мегаполис тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында тағы бір қосалқы электр стансасының құрылысы басталды. Шымкенттегі «Асар-2» шағынауданында тұрғызылып жатқан станса құрылысна 4 млрд. 600 млн. теңге бюджет қаражаты қаралған. Бекітілген жоба бойынша қосалқы станса жабық үлгіде болады. Жобалық қуаттылығы – 110/35 кВт құрайды. Нысан іске қосылған жағдайда қаланың 70 мың тұрғыны сапалы электр қуатына […]

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Президент өз Жолдауында Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін аттыру қажеттігін айтып,  Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуді назарға алған болатын. Осы орайда, қала басшысы үкіметтік емес ұйымдардың белсенді […]

Қызылордада «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының партиялық тыңдауы өтті. Оған аталмыш филиал төрағасы, облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақовтың төрағалық жасады. Тыңдау «Индустриалды даму» бағытына арналды. Сонымен бірге мемлекеттік «Білім», «Денсаулық» және «Индустрия» бағдарламаларының аймақта жүзеге асырылуы туралы айтылды. Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес алдымен мемлекеттік «Білім» және «Денсаулық» бағыттарының орын­далу барысы […]

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың қысқа уақыт ішінде Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды жылдам қалпына келтіру бойынша тапсырмасын орындау аясында қалада жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді, сондай-ақ Түркістан қаласының әкімшілік, тарихи-мәдени, […]

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып Шалхарова Әлия Богданқызы тағайындалды. Шалхарова Әлия Богданқызы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы педагог-хореограф, психология пәнінің ұстазы, психолог, экономист. Еңбек жолын 1998 жылы Мәдениет және өнерді дамыту Қорының хореографиялық ұжым басшысы болып бастаған. 2016-2018 жылдары ОҚО бойынша Мәдениет басқармасының […]

2019 жылдың 11-12 қыркүйегінде ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ  Шымкент қаласында «Атамекен» АКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Shymkent» «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ алаңдарында «Road Show» форматындағы ақпараттық түсіндіру акциясының аясында студенттік жатақханалар мен жеке меншік мектептерді салу мәселелері бойынша іс-шаралар өткізді. Кездесулер барысында Шымкент қаласының кәсіпкерлік қоғамдастығы […]

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы Royal Grand Hotel қонақүйінде болған өрт салдарынан зардап шеккен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлірінің марапатқа лайық екенін айтты, – деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі. “Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тілеймін. Олардың ерен еңбектері мемлекеттік наградаларға лайық”, – деп жазды Президент Twitter желісіндегі […]

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің ресми кездесуінің салтанатты шарасы барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік Әнұрандары орындалды. Құрметті қарауыл бастығы рапорт берді. Мемлекеттер басшылары Құрметті қарауылдың қатарын аралап шықты. Содан кейін Құрмет қарауылының ротасы Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасының алдынан сап түзеп өтті. Зеңбіректерден дүркін-дүркін оқ атылып, Мемлекеттер […]

Шымкентте Қазақстан халқы тілдері күніне арналған 4-11 қыркүйек  аралығында  қала  көлемінде апталық өткізілді. Игі шараның қорытындысы  «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты қалалық форумымен аяқталды.   Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының ғалымдары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, […]

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен қала орталығында Арбат демалыс орны ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, Түркістан қалалық еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымберұлы, Қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдіханов Әбдіқадыр қатысты. Халық саялайтын, таза ауамен тыныстайтын демалыс […]

10 – қыркүйек күні, Түркістан қаласында орналасқан “Royal Grand” қонақүйінде орын алған өрт салдарынан барлығы 11 адам зардап шеккен. 6 өрт сөндіру қызметкері медициналық көмекке жүгінген. 3 полиция қызметкері және 2 қала тұрғынына медициналық жәрдем көрсетілген. Орталық қалалық ауруханаға 5 зардап шегуші жеткізілді. Олардың төртеуі жатқызылып, бір азамат қайтарылды. Жарақат […]

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова бастаған бірқатар ақындармен кездесті. Кездесу барысында кіл сөз дүлдүлдері айтыс өнері, әдебиет әрі руханият төңірегінде өрелі әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру жайын талқылады. Кездесу барысында тараптар келесі жылы өтетін Әл-Фарабидің  1150 жылдық, Абай […]

Облыс орталығы Түркістан қаласындағы Б. Саттарханов даңғылында орналасқан “Royal Grand Hotel” қонақ үйі өртке оранды. Әлеуметтік желілерде таралған сурет-видеоларға қарағанда өрт газ баллон немесе машинаға орнатылған газдан шыққан сияқты.  Оқиға орнына келген мамандар қонақ үйде демалып жатқан адамдарды эвакуациялап, өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Түркістандағы жарылыстан қанша адамның зардап шеккені […]

Облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов жұмыс сапарымен Сырдария ауданына барды. Бірнеше ауылдарды аралап, ардагерлермен, кәсіпорын қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен кездесті. Ауданның әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарын аралап, экономикалық даму барысымен қанықты. Өңір басшысының ауданға жасаған  жұмыс сапары барысында Тереңөзек кентін газдандыру жұмыстарының барысымен де танысып өтті.  Кентті табиғи газға қосу 2019-2020 жылдарға […]