Top.Mail.Ru
“Әділет.тв” ақпараттық агенттігі – Page 2

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен 26 маусымнан бастап №4 қалалық емхана жанынан қосымша 3 мекен жайдан 20 орындық күндізгі стационар ашылды. Олар: Володарский 11-де – 7 орындық, Терешкова 196-да – 8, Терешкова 2-де – 5 төсек орын. Оның ішінде 5-еуі балаларға апналған. Енді осы мекен-жайларға жақын тұрғындар алысқа бармай-ақ жақын жерде […]

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік комиссия отырысы өтті. Бұл жиында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мәселесі қаралып, қатаң шектеу шаралары енгізілді. Аталған шектеу шаралары бойынша баяндаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шаралары енгізілетінін жеткізді. Көлік […]

Ел қуатты болса, қуа­ныш тұрақты болады. Ғасырларды уа­қыт ұр­шығында иір­ген мың­жылдықтар тоғы­сында Ұлы дала төсінде жаңа тұрпатты жас мемле­кет құрылды. Атасы Алаш, керегесі ағаш қа­зақ­тың зар заманда жо­ғалтқан құндылықтары қайтарылды, бары бү­тінделді, азаттықпен бірге сәулелі сәттерге толы шуақ­ты шежіресі түзіле бас­тады. Осы бір мерейлі миссияны орындау мемлекетіміздің негізін қалаушы ұлы […]

Қала әкімі Мұрат Әйтенов дәрі-дәрмек шығаратын өндіріс орнында болып, қаланы дәрімен қамту мүмкіндігін бағамдап көрді. Бірінші болып «SANTO» дәрі-дәрмек зауытына барған әкім өндіріс цехтарын аралап көрді. Мұнда инъекциялық ерітінділер мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше, түйіршіктер), антибиотик ұнтақтары, стерильді емес ерітінділер шығарылады. «830 қызметкер тәулік бойы төрт ауысымда […]

Жұқпалы аурулар орталығының жұмысымен танысу барысында Мұрат Дүйсенбекұлына қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Рустам Албаев госпитальдегі қазіргі жағдайды баяндады. Айтуынша бүгінде инфекциялық госпитальде 77 палата және 2 реанимациялық зал бар. Оттегі жеткілікті. Мұнда covid 19 және пеневмонияға шалдығып, денсаулығы ауыр жағдайдағы науқастар түсуде екен. «Госпитальдің жансақтау бөліміне […]

Еліміздегі үшінші мегаполис саналатын Шымкент қаласының жолдарын жөндеуге биыл 27 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш екенін айта кету керек. Қазіргі таңда шаһарда жол құрылысы қыза түскен. Құрылыс сапасын қала әкімі М. Әйтеновтің өзі қатаң бақылауға алған. Бұл ретте, мердігерлер күзге дейін 414 шақырым жолдың […]

Шымкент қаласында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды қалыпқа келтіру барысындағы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмалары дер кезінде орындалуда. Мәселен, Шымкент қаласында республика бойынша алғаш рет 51 күндізгі стационар ашылды. Нәтижесінде, қалада инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсету екі есеге күшейді. Бұл емдік жұмыстарын арттыру жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ақпараттық-коммуникациялық орталығында […]

Бейне байланыс режимі арқылы өткізілген жиынға Үкімет мүшелері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде дер кезінде жарияланған қатаң карантин шаралары уақыттан ұтып, эпидемияның қатты өршіп кетпеуіне мүмкіндік бергенін атап өтті. Өкінішке қарай, Төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін барлық карантин шаралары босаңсып кетті. – […]

Шымкент қаласында инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында Жеңіл атлетикалық спорт кешенінен провизорлы 150 орын дайындалды. Мұндай провизорлы орындар алдағы уақытта да ашылатынын Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов айтып өтті. – Қазіргі таңда Шымкент қаласында науқастарды емдеу үшін 2870 төсек-орын бар. Оның 650-і жұқпалы ауруханаларға, […]

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхан айтқандай «Бірінші: газет – халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші: газет — жұртқа қызмет етуші; үшінші: газет – халыққа білім таратушы; төртінші: газет — халықтың жоқтаушысы». Қазақ газетінің тарихында ерекше орын қалдырған публицист, ғалым, аудармашының бұл сөзі бүгін де өз салмағын жоғалтқан жоқ. Тарих демекші, ежелгі Рим империясының […]

Шымкент қаласы әкімдігінде қалада инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты халыққа дәрі-дәрмек қаншалықты қолжетімді болып жатқандығы жөнінде қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева және Шымкент қаласы бойынша Фармацефтика қауымдастығының төрайымы Хадиша Әлжанова БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді. Ең алдымен, Ләззат Рысымбекқызы дәрі-дәрмек туралы қала […]

Бұл туралы Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты кезінде айтты. – Қаламызда дәрі тапшылығы туралы шағым түспегенін, алайда дәріханаларда дәрілердің тез таусылып жатқаны туралы ақпараттар келгенін айта кетейін. Яғни қоймаларда дәрілер бар, бірақ дәріханаларға жеткен соң, тез […]

Қаратау ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен кіреберістері және қоқыс алаңдары толық залалсыздандырылды. Сонымен қатар ауданға қарасты тұрғын алабтардағы ішкі көшелер мен қоғамдық орындар да дезинфекцияланды. Жергілікті сауда дүңгіршектеріне де санитарлық талапқа сай, нысанды күнделікті екі рет тазалау жұмыстарынан жүргізіп отыру ескертілуде. Еске сала кетейік, Шымкент қаласы бойынша бір […]

А.В. Цойды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындау туралы Президент жарлығы шықты. «Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын», – делінген онда Еске салсақ, ол үш күн бұрын Үкімет қаулысымен Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болды. Ал Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен Мемлекет басшысының Жарлығымен босатылды. Алексей Владимирович Цой 1977 […]

Top.Mail.Ru