Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының […]

Мемлекет басшысы өз сөзінде жиынға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап,  Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі екенін атап өтті. – Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз. Сондықтан, бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз. Егемендік – […]

Бүгін Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Шымкент қаласының 46 азаматы ҚР Мемлекеттік наградамен марапатталды. Марапат иелерін Шымкент қаласының әкімі […]

15 желтоқсанда «Хабар» арнасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы деректі фильм көрсетіледі. Бұл жайында Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады. «15 желтоқсан сағат 21:40-та «Хабар» телеарнасының эфирінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірі мен қызметіне арналған «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы шығады», – деп жариялады. Еске салайық, деректі фильмінің бірінші […]

Елінің елеулі, халқының қалаулы азаматы бола білген қоғам қайраткері, белгілі меценат, «Парасат», «Құрмет» Ордендерінің иегері, Түркістан облысының «Құрметті азаматы»  Қалық Абдуллаев 78 жасында өмірден озды. Қалық Абдуллаұлы Абдуллаев 1942 жылы 28 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданындағы (қазіргі Төле би ауданы) Қасқасу ауылында дүниеге келген. 1958-1963 жылдары Ташкент политехникалық институтын […]

Полицейлер Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасағандардың барлығын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 3 желтоқсан күні сағат 18:33-те Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығына 4 шағын ауданда банк бөлімшесі қасында инкассатор машинасына шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. «Бұдан ары анықталғандай, инкассатор жүргізушісінен қылмыскерлер пышақпен қорқытып, 76 миллион теңге алып, қылмыс орнынан жеңіл […]

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласы әкімдігінде іске қосылған 109 қызметі, яғни Бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. Озық техникалармен жабдықталған заманауи орталық қызметіне жоғары бағаларын берді. Жаңа орталық жұмысымен таныстырған Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың айтуынша, тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын, […]

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Түркістан халықаралық деңгейдегі қалаға айналып келе жатыр. Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Қазақстан Президенті Қасым – Жомар Тоқаевтың тапсырмалары Түркістанды дамытуға тың серпін береді. Сондықтан қасиетті қаланы дамыту жұмыстары одан ары жандана түсетінін жеткізген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев еліміздегі ең көп жаңа нысандар салынып жатқан Түркістан облысының […]

Түркістан қаласында алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті елу төртінші сессиясы басталды. Сессияның жұмысын облыстық мәслихат депутаты У.Рахиев жүргізуде. Сессия жұмысына облыс әкімі Ө.Е.Шөкеев, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік органдар басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда. Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне барлығы 19 мәселе қаралмақ. Аталған […]

Түркістан облысында тергеушілер педофил әкенің кінәсін толық дәлелдеді. Сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды. “Тергеушілердің өндірісінде көптеген және әр қилы істер кездеседі. Кейде оларды зерттей отырып, жәбірленушілердің де, күдіктілердің де тағдыры қайғылы болатынын түсінесің, әсіресе ата – аналарының өз балалары қылмыстың құрбаны болған кезде, – дейді Түркістан облысы ПД […]

Қызылорда қалалық №2 сотында Қуанышбек Ысқақовқа қатысты сот үкімі жарияланды. Сот шешімімен экс-әкімді жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтеуі керек. Сондай-ақ, Қуанышбек Ысқақов мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, экс-әкімнің орынбасарлары М. Имандосов пен […]

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Волонтер жылының табысты болғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жыл біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлем тарихында аса күрделі кезеңдердің бірі болғанына қарамастан, «қайырымды істер» жалпыұлттық идеясы он мыңдаған қазақстандықтың қайырымдылығы мен жанашырлығының арқасында өмір шындығына айналды. Президенттің пікірінше, отандастарымыз ұлт рухының мызғымас […]

Түркістан облысы Кентау қаласында биыл 16,7 шақырымды құрайтын көше орташа жөндеуден өтті. Сонымен бірге, 12 ауылдық округтің 39 көшесінде 52,9 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұдан өзге, мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында 2020-2025 жылдар аралығында 101,7 шақырымды құрайтын 142 көшеге орташа, күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ағымдағы жылы 12,7 шақырымды құрайтын 11 көшеге […]

Қазақстанда өткен тәулікте 670 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. Аймақтар бойынша:  Нұр-Сұлтан қаласы – 41 Алматы қаласы – 65 Шымкент қаласы – 2 Ақмола облысы – 60 Алматы облысы – 23 Атырау облысы – 61 Шығыс Қазақстан облысы – 71 Жамбыл облысы – 18 Батыс Қазақстан облысы […]