Бүгін қаладағы емханаларда тұмауға қарсы вакциналау жұмыстары басталды. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді. Басқарма басшысы қала әкімдігінің Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тұрғындар сауалына жауап берді. Екпе егу жұмыстары үшін биыл қала тұрғындарына 128 963 доза вакцина сатып алынды. Бұған қоса […]

 Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір алтын, бір күміс жүлде жеңіп алды. «Shymkent Shooting Plaza» атыс кешеніндегі мергендер жарысының ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов, Спорттық атудан Азия конфедерациясының Президенті Шейх Салман Аль-Сабах, Спорттық атудан Азия конфедерациясының Бас хатшысы – Дуайч Алотайби, Қазақстандық спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов пен аталған […]

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты арқылы несиелік негізде 127 азамат баспаналы болды. «Бақытты отбасы» бағытының шарттары мен талаптарына сәйкес азаматтар пәтерді жаңа және екінші нарықтан өздері іздеп тапқан. Бұдан бөлек, бүгінде аталған бағыт бойынша конкурстан өткен 203 қатысушы өздерінің төлем қабілеттіліктеріне сәйкес тұрғын үй іздеу […]

Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн сабақ ұйымдастырылды. «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» деп аталатын НЗМ-нің авторлық бағдарламасы негізінде әзірленген сабақ еліміздегі жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған. Бұған қаламыздағы жетекші 30 мектептен 900 оқушы қатысып, «Youtube» желісіндегі ресми канал арқылы тікелей трансляцияны тамашалады. Сабақ […]

2021 жылдың 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында XIV және әйелдер арасында VII әлем чемпионаты өтті. Әлемдік сайысқа дүниежүзінің 18 елінен 9 ерлер және 5 әйелдер командасы қатысты. 5 қыркүйек күні өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты аясында жарыстың соңғы кезеңі өткен […]

Ертең елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Екі айға созылатын жыл сайынғы дәстүрлі шара 15-қарашада аяқталады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді. Басқарма басшысының сөзінше, еліміздің әр азаматы жылына бір рет емхананы еркін таңдай алады. «Емхананы таңдау науқаны екі айға созылады. Яғни, […]

Өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды қысқарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. «25 тамыздан бері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық бөлімше ретінде ашылған 57 нысан жабылды. Жалпы төсек-орын қоры 12 211 төсек-орынға қысқарды», […]

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Сайрам көмекші мектеп-интернаты бұдан былай «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Бұрынғы мектеп-интернаттың орнына типтік үлгідегі жаңа ғимарат салынуда. Бүгінде ғимарат құрылысы 95 пайызға аяқталып отыр. Оқу кешенінде 210 бала тәрбие мен білім алатын болады. Жобаға сәйкес оқу кешені жатақханамен, […]

Бүгінгі ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердің 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Селекторлық режимде өткен отырысқа Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен барлық басқарма басшылары қатысты. Аймақтардағы дайындық барысы жөнінде баяндаған ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Шымкенттегі білім беру, денсаулық сақтау нысандарының алдағы […]

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп кітап оқуға насихаттайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген […]

Қаламыздағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3247 шақырымды құрайды. Оның 1151,5 шақырымы Қаратау ауданына қарасты. Қазіргі таңда аудандағы жолдардың 582 шақырымы асфальт, 486,1 шақырымы шағал тас болса, 83,3 шақырымы топырақ жол болып табылады. Биыл мұнда 89,1 шақырым асфальт жолға жөндеу жүргізіліп, 62 шақырым жолға шағал тас төсеу жоспарланған. Қала әкімінің Қаратау ауданына […]

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырмалардың Қаратау ауданында жүзеге асырылуын бақылау үшін аудандағы инженерлік инфрақұрылым жұмыстарымен танысты. Аудан аумағында орналасқан 24 елді мекенде 247 мыңнан астам халық тұратынын айтқан аудан әкімі А.Әліқұлов бүгінде 18 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылғанын, екі елдімекен кестемен, қалған төртеуі тасымалды […]

Шымкент қаласының «Асар» шағынауданындағы № 90 мектепте ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау бойынша Қаратау ауданының актив мәжілісі өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов осы мақсатта бұған дейін қала активімен, 3 ауданның тұрғындарымен кездескен болатын. Мұрат Дүйсенбекұлы Қаратау ауданы тұрғындарына да Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, алдағы жоспарлардан хабардар етті. Жиынға […]

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Қазақстан Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралып, инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешені қабылданды. Селекторлық режимде өткен жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен барлық басқарма басшылары қатысты. Еліміздегі баға өсімі бойынша баяндаған ҚР Сауда […]