Top.Mail.Ru
Тарихи деректер

Дидаш!.. Дидахмет!.. Дидахмет Әшімхан!.. Біз бір жылы туған құрдастары «Дидаш» деуші едік. Сені бұ дүниеден өтіп кетіпті  дегенде  сең соққан балықтай есеңгіреп  отырып қалдым. Біз қатар жүрген замандастарымызды  мәңгілік бірге  болатындай  бұ дүние  ғапыл  екенін  еске  алмай  дүркіреп-күркіреп жүре беретініміз несі? О дүниеге  өтіп кеткеннен кейін ғана жер тоқпақтап қайран […]

Қоғамда көпшілік қабылдаған және мінезқұлық ережелеріне айналған кұңдылықтар жүйесі әлімсақтан бері қалыптасқан. Олар – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік принциптері мен моральдық ұстанымдар, мемлекет заңдары мен ұстанымдары, ережелер мен қағидалар. Қоғамда адамдар арасындағы қатынастарды осы құндылықтар реттеп отырады. Әдетте қоғамның әрбір өкілі әлеуметтік қағидаларды бірдей әлі толық орындай бермейді. Нәтижесінде, адамгершілік пен […]

Түркі әлемінен шыққан аса көрнекті тұлға Захиредден Мұхамед Бабыр – аса ірі мемлекет қайраткері, данқты қолбасшы, ойшыл ғалым, атақты тарихшы, лирик ақын, дарынды жазушы. Ол 1483 жылы 14 ақпан Әндіжан қаласында (бір деректерде Ақси) Ферғана әмірі Омар Шайқының отбасында дүниеге келген. Әкесі Омар Шайқы – Ақсақ Темірдің шөбересі, ал шешесі […]

Әбу Насыр әл-Фараби және Абай Құнанбайұлының рухани мұраларының өзара үйлесімі Қазақтың киелі топырағы, Ұлы Даласы қашан да, қай кезең мен дәуірде де заманының заңғар тұлғаларынан кенде болмаған. Қай ұлт болмасын өткен тарихынан, тұлғаларынан нәр алып, жарқын болашаққа нық сеніммен қадам баса алатыны ақиқат. Себебі, кез келген ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың […]

Байкөл көлінің түбінде 1920 жылы жоғалып кеткен Ресей империясы алтын қорының бір  бөлігі бар. Бұл туралы өлкетанушы, археолог, гидронавт-зерттеуші –  Алексей Тиваненко хабар берді. Оның айтуынша, алтынды большевиктер адмирал Александр Колчактан алып, Владивостокқа поезда жөнелтеді. Бірақ жолда апат кесірінен, Иркутск облысындағы Маритуй станциясы ауданында вагондардың бір бөлігі «Байкөл түбіне» батып […]

Балалық шақта барлығы ғарышкер болуды армандайтыны сөзсіз. Тылсым, заңғар көк кеңістік өзіне тартып, оның сыры жайлы білгіңіз келе ме? Ендеше сіздерге біздің галактика туралы тың деректерді ұсынамыз. Заразапқа салған күнделікті тіршіліктен бір мезет тынығып, ғарыш әлеміне саяхаттаңыз. Күн Жер ғаламшарынан 300 000 есе үлкен. Жарық біздің ғаламшарға 8.3 минутта жетеді. Сондықтан […]

Таңбалы тас (біздің заманға дейінгі 5 мың жылдықтар – біздің заманның ХҮІІ ғасыры) Тайқоңыр ауылынан 100 шақырым солтүстікке қарай Бетпақ шөлдегі Нұра деген жерде, Сарысу өзенінің оң жағында 20 шақырым жерде орналасқан. Мұндағы тас өте жұмсақ болғандықтан, жазуға да сондай қолайлы. Көне дәуірден келе жатқан Таңбалы тас жазуында ғасырлар бойы […]

(1894-1938) қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері Сәкен СЕЙФУЛЛИН дүниеге келген. Қарағанды облысы Ақадыр ауданы Қарашілік қыстағында туған. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастарының […]

Top.Mail.Ru