Top.Mail.Ru
Видео

Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Adilettv.kz тілшісі Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы полиция майоры […]

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 80 мектеп-лицейінде 23.10.2019ж. күні қазақтың белгілі жазушысы Ақселеу Сейдімбек шығармашылығын дәріптеу мақсатымен “Алаштың арда ұлы-Ақселеу” тақырыбында рухани кеш болып өтті. Кештің басты қонағы-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің алтын дәуірінің көрнекті тұлғалары А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов сынды қайраткерлері мен қазіргі қазақ әдебиетінің арасын жалғаған алтын көпір іспеттес […]

“KMG EP-Catering” ЖШС бас директоры үш миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды ADILETTV.kz тілшісі Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. “Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі “KMG EP-Catering” (“ҚазМұнайГаз” ҰҚ” АҚ жүзпайыздық еншілес ұйымы, Маңғыстау облысы аумағында орналасқан “ҚазМұнайГаз” ҰҚ” АҚ еншілес компанияларын қамтамасыз етуші ұйым) […]

31 жастағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов 19 қазанда Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде 34 жастағы ресейлік Али Багаутиновты жеңді, – деп хабарлайды ADILETTV.kz тілшісі. Жұмағұлов аса жеңіл салмақтағы Fight Night Global чемпионы титулын қорғап қалды. Жекпе-жек бес раундқа созылды. Ұрыс қорытындысы бойынша төрешілердің басым бөлігі жеңісті қазақстандыққа берді. Енді […]

Маңғыстау облысында болған жаппай төбелестің нәтижесінде екі жас жігіт зардап шекті. Ақ халаттылардың сөзінше, олар пышақ жарақатын алған деп жазады Lada.kz порталына сілтеме жасап Adilet.TV ақпараттық агенттігі. Маңғыстауда өткен бәйге кезінде жаппай төбелес орын алып, ондаған жергілікті тұрғын оқиғаның куәгері болды. Кейбір куәгерлер болған оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратты. […]

Шымкент қалысының әкімі Е.Айтаханов 260 мыңнан аса жастары бар, қала тұрғындарының төрттен бір бөлігін құрайтын Шымкенттік жастармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жастар ресурстық орталығының ғимаратында өткен қала әкімімен болған еркін форматтағы басқосуға студенттер, мектеп оқушылары мен жас отбасылар қатысты. Арнайы кездесуге келгендер өздерін алаңдатқан өзекті мәселелерін көтеріп, көкейде жүрген ұсыныс-пікірлерін жеткізді. […]

Top.Mail.Ru