Шымкентте алғаш рет еліміздегі балалар үйінің тәрбиеленушілерінің «МЕЙІРІМ МЕКЕНІНДЕ» атты өнер кеші өтті. ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға еліміздегі балалар үйінің 84 тәрбиеленушісі өнер көрсетті. Әуенді кешке Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және қала мәслихатының депутаттары қатысты. – Бүгінгі игі шара тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанда алғаш […]

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мегаполистегі театрларда «Қойылымдық костюмдер көрмесі» өтті. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада театр ұжымдары ең таңдаулы қойылымдардың сахналық киім үлгілерін ұсынды. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры Мысыр елін билеген, Қыпшақ даласының ұлы қаһарманы Сұлтан Бейбарысқа арналған Р.Отарбаевтың «Сағыныш шөбі», […]

Бүгін кешке «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында «Бабалар жолымен» тақырыбында мәдени іс-шара өтеді. Елбасы өз мақаласында ұлы даланың өткен тарихын жаңғырту және сақтаудың бірегей тұжырымдамасын ұлт құндылығы ретінде ұсынған болатын. Мақаланың негізгі мақсаты өткенді зерттеп, зерделеу. Ұлттық тарихи жәдігерлерді […]

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жас жазушылар мен ақындар арасында өтетін «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ «Nur Otan» партиясы Қазақстан Жазушылар одағымен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты – Тәуелсіздіктің алғашқы 30 […]

2021 жылдың 6 қазанында Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ғалым, көрнекті ұстаз Ақжан Әл-Машанидың 115 жылдығына орай «Ақжан Әл-Машани мұралары: зерттеу мен зерделеу мәселелері» тақырыбында өтетін республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференция жұмысында «Әл-Фарабиді танытудағы Ақжан әл-Машанидің таңдамалы еңбектері», «Ақжан әл-Машани және ұлттық тарихи таным», «Ғұлама ғалым Әл-Фараби мұрасын түпнұсқадан аудару […]

Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жас ақындар арасында республикалық «Күміс домбыра» айтысы өтті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған бәйгеде жастар жарқырай көрінді. Іс-шараның мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жеткен жетістіктерді насихаттау, жас ақындардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, шабыттарына қанат бітіру. Төл өнеріміз айтыстың жас буын өкілдері арасында жаңа есімдермен […]

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Эльмира Созақбаева мәлімдеді. – «Қайырымдылық керуені» IV республикалық байқауының басталғанын жариялаймыз. Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, «Хабар» агенттігі, «КТК» телеарнасы жүзеге асырады. Шараға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлестерін қосатын және өзгелерді өздерінің игі ісімен […]

Шымкент қаласында «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты жас ақындар арасында республикалық «Күміс қалам» поэзиялық кеші мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас ақындардың ішінен оза щауып, жарқырай көрінген үздіктер анықталды. Ақтөбе облысынан келген Ершат Қайболдин әдеби байқаудың бас жүлдесі «Күміс қалам» иегері атанды. Жеңімпазға арнайы күмістен жасалған қалам мен бағалы сыйлық […]

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев пен ақын, «Дарын» сыйлығының иегері Біржан Байтуовтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Ерлан Садырбайұлы республикалық деңгейде өтетін байқау туралы хабарлады. – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты жас ақындар арасында республикалық «Күміс домбыра» айтысы […]

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жүргізген жиында этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен және ассамблеяның белсенді мүшелерімен кездесті. Басқосуда еңбек ардагері Орынбай Рахманбердиев, корей, түрік, татар-башқұрт басқа да этномадени бірлестігінің басшылары […]

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесіне қатысып, барша қала тұрғындарын 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні мерекесімен құттықтады. «Мемлекет басшысы туризм индустриясы экономикалық өсімнің маңызды драйвері болуы тиіс екендігін айтты. Әлемдегі көптеген қалалардың экономикасы туризм табысынан құралады. Осы мүмкіндік Шымкент қаласының даму бағдары болуы […]

Шымшаһарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан туған жерін түлетуге ат салысып, мұқтаж жандарға көмек қолын созып жүрген бір топ азаматқа алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады. – Бүгінгі басқосу Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, шымкенттіктер мақтан ететін жомарт жүректі азаматтарға […]

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында ағылшын классигі У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы қойылымы өтті. Театр әртістері өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдап шықты. Әлемдік драматургияның ұшар шыңы болып саналатын Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы сан ғасырлар бойы әлем театр репертуарларынан түспей келе жатқан жауһар дүние. Адамзат бойындағы пендешілік болмысынан шошынған Гамлет – […]

Қаратау ауданы ардагерлері кеңесінің төрағасы Асылбек Паметұлы бұған дейін қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының қабылдауында болып, аудан ардагерлерін Қарттар күні мерекесі қарсаңында киелі жерлерге зиярат етуге апарып келу жөнінде ардагерлер ұсынысын айтқан болатын. Аталған жеке қабылдау барысында қала әкімі ұсынысты қабылдап, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұловқа ұйымдастыру жұмыстары бойынша тапсырма жүктеген еді. […]