Top.Mail.Ru
Экономика

Құрметті отандастар! Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады. Бүгінде 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адам осы дертке шалдықты. Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда. Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол бермедік. Соның арқасында ахуалды бақылауда ұстап отырмыз. Халқы Қазақстанмен шамалас кейбір елдерде коронавирусқа шалдыққандар ондаған […]

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің орындалуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық Банк төрағасы Е. Досаев, Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы […]

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің және Мемлекет басшысына тікелей бағынышты органдардың жетекшілерімен кеңес өткізді. Онда әлемдегі қаржылық-экономикалық ахуал және оның Қазақстан экономикасына әсері жөнінде мәселелер талқыланды. Президент Үкіметке, Ұлттық банкке және басқа да мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді. Басты тапсырма – мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындау. […]

2-5 наурызда Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссон жетекшілігімен ЕО мүше мемлекеттердің елшілері Шымкент және Түркістан қалаларына кластерлік сапармен келеді. Шымкент қаласына сапары барасында қала әкімі Мұрат Айтенов мырзамен екіжақты кездесу жоспарланған. Күн тәртібінде – Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы әріптестіктің әрі қарай даму мәселелері, ынтымақтастықтың жаңа салаларын белгілеу. Сондай-ақ, делегация мүшелері еркін […]

2020 жылғы 25-26 ақпанда Өзбекстан Республикасының Ургенч қаласында Үкімет басшыларының қатысуымен «Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы өңірлік бизнестің ынтымақтастығы» тақырыбында Өзбекстан мен Қазақстан аймақаралық ынтымақтастығының 2-форумы өтті. Форумның мақсаты-көршілес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Жиынға ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов, сондай-ақ екі елдің бизнес-қоғамдастығы қатысты. Түркістан […]

«Nur Otan» партиясы басшылығының аймақтарға сапары осы аптада еліміздің Оңтүстік өңірлерінде жалғасты. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек алдымен Шымкентке ат басын тіреп, қаладағы бірқатар проблемалық нысандарды аралады.Сондай-ақ бүгін кезектен тыс конференцияда қала әкімі Мұрат Әйтенов қалалық филиал төрағасы болып сайланды. Ол жұмыс сапарын қала әкімімен бірге Шымкенттің Абай ауданындағы М. Водопьянов көшесінің […]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына (Германия) 2 күндік жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. Қазақстан Президенті Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында өтетін панельдік пікірталасқа қатысады және әлемдік көшбасшылармен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ, халықаралық […]

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Түркістан қаласындағы нысандардың салыну барысын тексерді. Премьер-Министр Түркістан қаласындағы жаңа әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының салыну барысымен танысты. Нысан облыс орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан және биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды деп жоспарлануда. А. […]

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.  Шымкентті дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, инфрақұрылымдық құрылыс, электрмен және газбен жабдықтау, сондай-ақ, қаланың 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін алуы аясында іс-шараларды өткізуге дайындығы туралы Шымкент қаласының әкімі […]

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов шаһардың былтырғы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен биылға жоспарланған міндеттер туралы есебін TedX бүкіләлемдік тәжірибе негізіндегі жаңа форматта өткізді. Шаһар басшысының халыққа есеп беру кездесуіне қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев оның жаңашылдығына оң бағасын берді. «Біз – күллі түркі әлемінің мәдени-рухани ордасына айналған қасиетті мекеніміз […]

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі диалог алаңы аясында Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кезекті кездесуді өткізді. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ елдерімен орнаған ынтымақтастыққа аса көңіл бөлетінін атап өтті. «ЕО – […]

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданында төрт түліктің төресі – түйені көбейтуді көздеп, ішкі нарықты тұтастай қамтуды міндеттеді. Ойсыл қара тұқымымен өзге өңірлермен бәсекелес болатындай қауқары бар ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алуды тапсырды. Бұл туралы Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатовтың есебінде айтылды. Аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен […]

Шымкентте жылдан жылға өнеркәсіптің өрлеуі байқалып келеді. Атап айтар болсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 562,3 млрд. теңгені құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға артқан деп хабарлайды Adilettv.kz Шымкент қаласы әкімдігігіне сілтеме жасап.  Өнеркәсіп саласында үлесі 85,7 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 481,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, […]

2020 жылғы 14 ақпанда сағат 11.00-де Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10/2, «Түркістан» сарайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп береді. Қала әкіміне қойылатын ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде аудан әкімдіктерінде орнатылған жәшіктерге салуларыңызға болады. Сондай-ақ, сауалдарыңызды қала әкімдігінің WhatsApp (8 747 720 1717) нөміріне немесе akimge_surak@mail.ru электронды […]

Top.Mail.Ru