Top.Mail.Ru
Білім және ғылым

Жоғары ұпай жинаған  оқушылар жүлдесіз қалған. Түркістан облысында 5-6 қаңтарда жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында республикалық олимпиаданың облыстық туры өткен болатын. Бірақ өңірдің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің тексерісі біраз заңбұзушылықтарды анықтады деп хабарлайды adilettv.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тексеріс қортындысы бойынша, жүлделі орындарға […]

Енді студенттер сынақ кітапшасы үшін ақша төлемейді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен студенттердің, магистранттар мен докторанттардың сынақ кітапшаларын алып тастау бойынша бұйрық әзірленді. Бұл оқу үрдісін жеңілдетіп, бюрократияны айтарлықтай төмендетеді деп хабарлайды adilettev.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Ал қағаз кітапшаларының орнын электронды жүйе алмастырады. «Бүгінгі […]

Түркі әлемінен шыққан аса көрнекті тұлға Захиредден Мұхамед Бабыр – аса ірі мемлекет қайраткері, данқты қолбасшы, ойшыл ғалым, атақты тарихшы, лирик ақын, дарынды жазушы. Ол 1483 жылы 14 ақпан Әндіжан қаласында (бір деректерде Ақси) Ферғана әмірі Омар Шайқының отбасында дүниеге келген. Әкесі Омар Шайқы – Ақсақ Темірдің шөбересі, ал шешесі […]

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ойшылдарға арнап екі арна іске қосылатынын айтты. Министрлік биыл «Абай» және «Әл-Фараби» атты екі жаңа телеарна ашуды жоспарлап отыр. «Абай» телеарнасының мақсаты – көрерменге ұлттық мәдениеті насихаттау болмақ. Телеарна туындысы 14 жастан асқан көрерменге арналады. Хабарды 80% мемлекеттік тілде, 20% орыс тілінде таратады. […]

Әбу Насыр әл-Фараби және Абай Құнанбайұлының рухани мұраларының өзара үйлесімі Қазақтың киелі топырағы, Ұлы Даласы қашан да, қай кезең мен дәуірде де заманының заңғар тұлғаларынан кенде болмаған. Қай ұлт болмасын өткен тарихынан, тұлғаларынан нәр алып, жарқын болашаққа нық сеніммен қадам баса алатыны ақиқат. Себебі, кез келген ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың […]

Бүгін «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің есеп беру – сайлау конференциясында бірлестік президенті мен басқарма мүшелерінің жаңа құрамы сайланды. Клуб президенті ретінде Қазақстан журналистикасы академиясының академигі, белгілі медиаменеджер Бибігүл Жексенбай кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Ерлан Бекхожин президенттіктен ұйымның жарғысына сәйкес, өкілеттілігінің  мерзімі аяқталуына байланысты босатылды. […]

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде Хакім Абайдың 175 жылдығына орай «Интелектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алады» атты форумы өтті. Форумға келген зиялы қауым өкілдері мен Абайтанушы ғалымдар хакімнің әрбір қара сөзіне жеке тоқталып, мәні мен мағынасын аша түсіндірді. Тарихқа көз жүгіртсек қазақ ойшылының көрген теперіші аз болмаған. […]

 «Білім саласы – экономиканың дамуына ықпал ететін маңызды бағыт, тіпті, экономиканың толыққанды бір саласы деп айтуға болады», – деп атап өтті Президент Қ. К. Тоқаев сөзінде. Қазіргі күні билік білім беру сапасын арттыру және педагогтарды қолдау мәселесіне басты назарға алып, кеңінен жүзеге асыруда. Осы орайда еліміздің білім ордалары да қалысып […]

2020 жылғы 14 ақпанда сағат 11.00-де Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10/2, «Түркістан» сарайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2019 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп береді. Қала әкіміне қойылатын ұсыныс-пікірлеріңізді жазбаша түрде аудан әкімдіктерінде орнатылған жәшіктерге салуларыңызға болады. Сондай-ақ, сауалдарыңызды қала әкімдігінің WhatsApp (8 747 720 1717) нөміріне немесе akimge_surak@mail.ru электронды […]

Түркістан облысы бойынша 746 мемлекеттік жалпы орта мектепте 409 971 (98,3%) оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Оның ішінде 27 368 балаға тегін ыстық тамақ берілуде. Атап айтқанда, облыста әлеуметтік тұрмысы нашар отбасынан шыққан 1-4 сыныптың – 11 833 оқушысы (100%), 5-11 сыныптың – 15 535 оқушысы (100%) ыстық тамақпен қамтылуда. Сонымен […]

Мемлекеттік хатшы Алматыда Әбу Насыр Әл-Фарабидің мерейтойының басталуына арналған салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеудің басталу шарасына қатысты. Мерейтой жылының ресми ашылу салтанаты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайында өтті. Мерекелік жиынға қатысушылар алдымен Әл-Фараби […]

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті Хакім Абайдың есімі әрқашан қазақ халқымен қатар айтылады. Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дарытамыз. Абай арқылы елімізді әлемге паш етеміз. Дүниежүзі әдебиетінде біздің Абай сияқты ақын, ағартушы, ойшыл, сыншы кемде-кем. Ақынның тұлғасы Қазақстанның ұлттық руханиятын әлемдік деңгейде насихаттауға зор үлес қосады. […]

Колледждің 1-2 курс студенттері үшін де сабақтар тоқтатылды. Нұр-Сұлтанда 28 қаңтар күні мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды, деп хабарлайды adilettv.kz «2020 жылы 28-қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ ауысымындағы 0-11 (12) сыныптары оқушылары үшін және 1-2 курс колледж студенттері үшін сабақ болмайды», – делінген Нұр-Сұлтан […]

Кеңейтілген отырысқа Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Жиынды ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Сайлауалды бағдарлама мен Қазақстан халқына арналған Жолдауды жүзеге асыру барысында Үкімет пен Парламент бірлесіп үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті. […]

Top.Mail.Ru