Төлеби ауданындағы шаруа қожалықтар қазіргі кезде сүтті және етті бағыттағы ірі қара мал санын өсіруді қолға алған. Аймақта сүт өнімі үлкен сұранысқа ие болғандықтан, сүтті бағыттағы сиырлар көбейіп келеді. Оған мемлекет тарапынан қаржылай қолжау көрсетіледі. Бұл мақсатта «Сыбаға» бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында «Агрофинанс» қаржылай қолдау қоры арқылы Тасарық ауылдық […]

Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 5 айында мемлекеттік бюджет жоспарын 103,5% орындады. Жоспар 118 млрд 782 млн теңге болса, нақты түсім 122 млрд 960 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34 млрд 101 млн теңгеге көп. Бұл туралы брифингте департамент басшысының орынбасары Еркін Елшібеков мәлімдеді. […]

Сауран ауданында жаңа өндіріс орындарын ашып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу – басты назарда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістікті суарудың озық тәжірибелерін енгізуді, инвестиция тартып, өнім көлемін арттыру, мал шаруашылығын дамыту, аудандағы инфрақұрылым мен тарихи туризмді және де экотуризамді дамыту бағытында жұмыстар жүзеге асады. Барлық жұмыстар […]

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов Кентау қаласына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында қаладағы индустриялық аймақтың жұмыс барысын және «АБН Альянс» ЖШС, қаладағы арнайы экономикалық аймақты аралады. Қала әкімі Даурен Махажанов аймақтағы жүзеге асырылған және асырылудағы инвестициялық жобалар мен инфрақұрылым жүйелерінің мәселелерімен таныстырды. Индустриалды аймақтың негізгі мақсаты – жаңа […]

Форум Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қатынастарға 30 жыл толуына орайластырылған. Бүгін бастау алған Қазақстан-Америка экономикалық форумы 14-17 маусым аралығында онлайн форматта өтеді. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК »АҚ АҚШ Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырған тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Қазақстан-Америка экономикалық форумына ҚР […]

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаңтар-мамыр айларында Ордабасы ауданында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13 млрд. 795 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 298 млн. теңгеге артты. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 6 млрд. 200 млн. тг жеткізу жоспарының 4 айдағы орындалуы 4 млрд. 642 […]

Мақтаарал ауданында 2021-2022 жылдары 308 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын жалпы инвестиция көлемі 10,8 млрд теңгеге 5 жоба іске асырылады. Оның бірі жылына 10 000 тонна мармелад және жеміс-жидек, бақша, өнімдерін кептіріп өндіретін «JID&COM» ЖШС-і. Өндіріс орны Германия мемлекетімен бірлескен компаниясымен салынып, 2021-2022 жылдары іске қосылмақ. Онда 74 адам жұмыспен қамтылады. […]

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бірнеше қызметкеріне аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін қылмыстық іс қозғады,-деп хабарлады ҚазАқпарат. Департамент мамандары аса ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі негізінде жұмыс жүргізуде. Бұл бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлеріне қатысты […]

Бұл туралы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Аса маңызды істер жөніндегі офицері Лаура Аманова баспасөз жиынында мәлімдеді. Брифинг барысында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен ақшалай сыйақы  алудың тәртібі және  Департаментпен жемқорлық тәуекелдері бойынша хабарлаған тұлғаларды ынталандыру бағытында атқарылған жұмыстар баяндалды. […]

Елорда мен Ақмола облысының тұрғындары мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден аса шығын келтірген. Олар бюджетке аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтаруға тырысып, бизнес субъектілеріне жалған шот-фактура жазған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-ның 216-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген. “Тергеу барысында айыпталушылар заңға қайшы әрекетімен мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден аса сомаға материалдық […]

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, – деп хабарлайды ADILET.TV  тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент биыл 16 сәуірде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте берген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы жайында баяндалды. Марат Ахметжанов Агенттік қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне […]

Бүгінгі таңда жүн, сүт және ет өндірісінде Түркістан облысы елімізде көш бастап тұр. Ал өңірдің басым бағыттарының бірі – облыс орталығын азық-түлік өнімдерімен толық көлемде қамтамасыз ету. Осыған орай облыс орталығы Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру туралы шешім қабылданған. Ондағы жобалардың бірі – мал бордақылау алаңы бар тауарлы – […]

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті,-деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, […]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру онлайн форматқа өтуіне байланысты компьютерлер, планшеттер мен ноутбуктер сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. “Еліміздің бес өңірінде білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты 2020 жылы Үкіметтің шұғыл шығындары есебінен компьютерлер, планшеттер мен ноутбуктер сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша алты […]