Top.Mail.Ru
Оқиғалар

Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев пен Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкеевке сот үкімі шықты. Ислам Әбішов 5 жылға бас бостандығынан айырылса, Серік Түкеевке 4 жыл жаза кесілді. Оларға белгілі бір қызмет түрлерін атқаруға тыйым салынды. Су комитетінің бұрынғы төрағасы мен Серік Түкеевке бопсалау арқылы […]

Қытайдың Ухань қаласында коронавирусты жұқтырғандарды емдеу үшін арнайы салынған аурухананың бас дәрігері осы індеттен көз жұмды. Бұған дейін аспан асты елінде COVID-19 вирусынан бірде бір медициналық мекеме басшысы мерт болған емес. Шамамен екі апта бұрын эпидемия басталмай тұрып, індеттің қаупі жайлы ескерткен дәрігер де коронавирустан ажал құшқан еді. Ол былтыр […]

2020 жылғы 6 ақпанда Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының соты атыс қаруын заңсыз жасаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысушыларға үкім шығарды. Сонымен, К.Дрейлинг ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») және 288-бабы 2-бөлігі («Қаруды заңсыз жасау») […]

Бір тәулік ішінде 1638 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Қытайдың Хуюэй провинциясында коронавирустан көз жұмғандар саны 1068 адамға жетті, деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. Қытайдың жергілікті денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, провинцияда вирус жұқтырғандар саны 33 366 адамды құраған, олардың ішінде 2639 науқас ауруынан сауығып шыққан. Бір тәулік ішінде провинция бойынша […]

Қоғамдық тәртіпті орнықтыру барысында полиция қызметкерлері де жарақат алды. Бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордай ауданы Масанчи ауылындағы төбелес салдары туралы айтты. «Төбелеске қатысқандар полицияға күшпен қарсылық танытты. Олардың заңды талаптарына бағынбай қойды. Бұзақылар металл заттарын, тастарды, қару қолданды. Төбелес Ауқатты, Бұлан батыр ауылдарын да қамтыды. Қоғамдық тәртіпті орнықтыру […]

Оқиға салдарынан 40-тан астам адам жарақат алды. Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылындағы жаппай төбелестен 8 адам қайтыс болды. Қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар 47 адам ұсталды. Бұл туралы бүгін арнайы брифингте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. «Кеше Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр деген ақпарат келіп түсті. Сол […]

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масанчи ауылында жаппай төбелес болды. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ауылдағы оқиға туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі. «Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Полиция шиеленісті тоқтатты. Жағдай бақылауға алынды», – деді ведомство өкілдері. Жамбыл облысының Полиция департаменті тек қана ресми ақпаратқа сеніп, өсек пен жалған […]

Қытай Компартиясы Орталық комиссиясының тәртіпті тексеру жөніндегі арнайы тергеу тобы коронавирустан қайтыс болған доктор Ли Вэньлянмен байланысты жағдайды тергеу үшін Ухань қаласына барады. Ол желтоқсан айында алғашқылардың бірі болып пневмонияның өршуі туралы хабар берген еді, бірақ билік оның сөзіне назар аудармады. Бейсенбі күні Ухань қаласындағы ауруханалардың бірі Ли Вэньлянның қайтыс […]

2019 жылдың  27 желтоқсан күні, таңғы сағат 7.22-де  Алматы–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып шыққан Бэк Эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі әуеге көтеріле бере биіктіктікті сақтай алмай соғылған еді. Ақпаратқа сәйкес, бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 13 адам қаза тапты, оның ішінде әуе кемесінің командирі мен екінші […]

Үйлену тойында сыйлыққа пәтер алған жас жұбайлар, үйдің кілтін Ақтөбелік жалғызбасты, көп балалы анаға табыстады. Жақын арада қоныс тойын тойлайтын әйелдің есімі – Әсия. Ол ұзақ уақыттан бері қарт әжесі мен сырқат анасына қамқор болып жүр. Күйеужігіт Нұрболат Елеусізов – Ақтөбе облысы бойынша “Харекет” қайырымдылық қорының өкілі. Ол өміріндегі ең […]

Әлеуметтік желіде жолдың қақ ортасына тұрып, өздігінен көлік қозғалысын реттеген жеткіншектің видеосы лезде тараған болатын. Бұл жағдай миллионер қаланың Сайрам орталығында болған. Кенеттен бағдаршам сөнгенде, жақын маңда полицейлердің жоқ екенін көрген Дастан, кептелістегі көліктерге бірден көмекке ұмтылады. Бір қызығы жүргізушілер жас нұсқаушыға бірден бағынып, кептелісті сейілткен.  «Шымкентте полицейлер көлік кептелісін […]

Қытайда жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 17 205 адамды құрады. Олардың 361-і қайтыс болған деп хабарлайды РИА Новости ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетке сілтеме жасап. Айта кетейік, бір күн бұрын ауруды жұқтырғандар саны 14 380-ді құрап, 308 адам вирус құрбаны болған еді. «2 ақпан түнгі сағат 12-дегі жағдай бойынша, елдің 31 […]

Биылғы 30 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Бостандық аудандық сотының төрағасына қатысты күзетпен ұстау санкциясын шығарды, – деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. Сот сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің судьяның сотқа дейінгі әділ тергеу жүргізуге кедергі жасау мүмкіндігі туралы дәлелдерін қолдаған. Фемида өкілі борышкердің Қазақстан […]

Қазіргі таңда жаңа коронавирус түрі тарап жатқан  Қытайда 10 мыңнан астам қазақстандық азамат жүр. Оларды Қазақстан үкіметі чартерлік және жоспарлы рейстермен қайтармақ. «Қазір ҚХР-да көптеген азаматымыз бар. Қазақстан СІМ мәліметтері бойынша, 10 мыңнан астам адам. Сондықтан біз оларды әуе рейсімен қайтарамыз. Бұрын Қытайдан Қазақстанға билеттер алған қазақстандықтар, әрине, міндетті түрде […]

Top.Mail.Ru