Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында белгісіз бір әйел балаларға шабуыл жасады, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі “Хабар 24” телеарнасына сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, әйел бір топ жасөспірімге жүгіріп барып, былапыт сөздермен айғайлай бастаған. Не болып жатқанын балалардың өзі телефон камерасына түсірген. Осыдан кейін әйел қолында ұялы телефон ұстаған балаға да […]

ШҚО-да жоғалып кеткен балалар өлі табылды. 17 мамырда түстен кейін Үржар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Елтай ауылында үш жасар екі бала жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері бірден іздестіруге кірісіп, көмекке жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар келген. Іздеу нәтижесінде балалардың мәйіті үйінен 350 метр қашықтықта бақша алқаптарын суаруға арналған […]

Шахтинск қаласында (Қарағанды облысы) 24 жастағы жергілікті тұрғын Ақжарқын Қайдарова жоғалып кетті. Бұл туралы ekaraganda.kz басылымына Ақжарқынның күйеуі Нұртас Қайдаров айтты. Ер адамның сөзінше, 15 мамырда, күндіз оның әйелі үйден шығып, Шахтинскінің 26 ықшам ауданында тұратын әкесіне кеткен. Ол келіп, үй жинап, артынша дүкенге азық-түлік алуға шығып кеткен. Дүкендегілер Ақжарқынды көрген, […]

2021 жылы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған адамдар 2022 жылы қайта вакциналауға дайын болуы керек. Бұл туралы Funke медиатобының басылымдарына берген сұхбатында Германияның вакцинация жөніндегі тұрақты комиссия басшысы профессор Томас Мертенс мәлімдеді, – деп хабарлайды Deutsche Welle. “Вирус жоғалып кетпейді. Сондықтан қазіргі коронавирусқа қарсы вакцинация соңғысы емес. Біз келесі жылы вакцинацияға […]

Олар аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған. “Интерполдың Қазақстан ІІМ Ұлттық орталық бюросы АҚШ құзыретті органдарының көмегімен Америка аумағында жасырынып жүрген үш қазақстандықты анықтап, ұстады. Олар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан полициясының сұрауы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. Өткен аптада олар Қазақстанға […]

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) деректері бойынша, 2021 жылғы сәуірде Қазақстанда жаңа автомобильдерді сату биыл алғаш рет айына 10 мың автокөлік белгісінен асып түскен. Бұл 2021 жылғы наурызбен салыстырғанда 20 пайызға көп: 9 195 жеңіл көлік мен жеңіл коммерциялық техника, сондай-ақ 843 жүк көлігі, арнайы техника және автобус. Алғашқы төрт айда […]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері мемлекеттік органның бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы мемлекеттік бюджет есебінен алынатын барлық мемлекеттік орган үшін бекітілген еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгіленетінін айтты. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы […]

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны 10 пайызға, ал зардап шеккендер саны бірден 13 пайызға артты. Бұл ретте апаттың төрттен бірі Алматыда болған, – деп хабарлайды ranking.kz. 2021 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанда 3,7 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. “Бұл былтырғымен салыстырғанда 10,3 пайызға көп. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5,4 мың адам зардап шекті, оған бірден жылына […]

Ақтаудағы хайуанаттар бағына келушілер өлі қояндарды видеоға түсірді. Жануар қорғаушылар торларда тасбақалар мен аламандар да өлі екенін мәлімдеді. Instagram-дағы aktau_pets парақшасында жарияланған видеода еріктілер оқиға 16 мамырда “Ақбота” қалалық саябағында түсірілгенін айтады. “Торда өлі қояндар жатыр, біреуі тірі. Біз оған шөп бердік. Тасбақаны аямапты, торсылдағын желімдеп қойған, ал өлі аламандар мен қояндар […]

Өрік пен шабдалының дәнегі балаларға қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников мәлімдеді, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. Дәрігердің айтуынша, өрік пен шабдалы дәнінде жеңіл қозғалатын улы сұйықтық – көгерткіш қышқыл бар. “Балалық шақта өзіміз де бұл сүйектерді таспен ұрып жедік. Бірақ көгертетін […]

Бүгін, 17 мамыр – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. Ол 68 жасқа толды. Өткен жылы Президенттің баспасөз хатшысы Мемлекет басшысының бұл күнді атап өтуді ұнатпайтынын, өйткені оның отбасында балалардың да, ата-ананың да туған күндерін тойлау дәстүрі жоқ екенін айтқан. […]

Әлеуметтік желілерде Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын игерумен айналысатын компания қызметкерлері жаппай уланғаны туралы ақпарат пайда болды. Денсаулық сақтау басқармасы алты адамның тамақтан уланғанын және ауруханаға жатқызылғанын растады. Топтардың бірінде адамдардың жағдайы ауыр екені хабарланған. “Қосалқы мердігерлік ұйым қызметкерлері жаппай уланды. Адамдар ауруханада, жағдайы ауыр. Олардың кейбіреуі жансақтау бөлімінде жатыр”, – делінген жазбада. Денсаулық сақтау […]

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Денсаулық сақтау министрлігінің “Спутник V” вакцинасының бірінші және екінші дозаларын салу мерзімін 21-ден 90 күнге дейін ұзартуға қатысты жауабына пікір білдірді. “Денсаулық сақтау министрлігінің вакцинацияға қатысты ұстанымын зерттегеннен кейін жауаптан гөрі көбірек сұрақ туындады. Мен денсаулық сақтау министрлігі заттарды әртүрлі атаумен айта отырып, ұғымдарды алмастыратынына таңмын”, […]

Премьер-vинистрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қымбаттауына байланысты кеңес өткізді. Жыл басынан бері тауарлар орта есеппен 5 пайызға қымбаттаған, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл басынан бері 4 мамырға дейін әлеуметтік маңызы бар өнімдер 4,8 пайызға қымбаттаған. Тек сәуірде тауарлардың құны бірден […]