Бүгін ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ведомствоаралық кеңес өткізді. Агенттіктің Нұр-Сұлтан қалалық департаментінде өткен іс-шара барысында олар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде енгізілген қылмыстық процестің үш буынды моделімен, агенттік қызметкерлері мен прокурорлардың электронды форматта процессуалдық шешімдерді келісудегі өзара іс-қимылымен танысты. […]

Қазақстанда 9 және 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау рәсімін өткізуге рұқсат беріледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. “Соңғы қоңырау 25 мамырда оқу жылының үшінші тоқсанынан бері офлайн режимде оқып жатқан 9 және 11 сынып түлектері үшін өткізіледі. Сондай-ақ, санитария талаптарын қатаң сақтай отырып, 25 мамырға […]

Қырғызстаннан жеткізілген құтырған жануар еті қазақстандықтарды шошытып отыр, – деп хабарлайды  Stopfake.kz басылымы. Ақпаратты Ауыл шаруашылығы министрлігі жоққа шығарды. Ведомство мәліметі бойынша, Қазақстанға ауру жұқтырған жануар еті әкелінбеген. “Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені Қырғызстаннан ет өнімдерін өткізуге шектеу енгізілген. Шектеу республикадағы жануарлар арасында қауіпті ауру тарап жатқанына байланысты қабылданды. Етті […]

Әйелдің айтуынша, ол соңғы рет Әселдің өліміне дейін қызымен екі сағат бұрын сөйлескен. Анасының айтуынша, қызы одан қонаққа келуін сұраған. Кейін Әсел Айтбаева қайтыс болғанын білген соң, ол Грузияға мәйітті тану үшін ұшып барған. “Қиын күн болды, баламды анықтауға бардым. Иә, шынымен ол болып шықты. Мен бәрібір оны өлтірді деген […]

11 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы: “Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. “Сары” аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары. ⠀ “Жасыл” аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Шымкентте арақ, шарап пен коньяктың ірі партиясы жойылды. Бульдозер жеті мың бөтелкеге жуық заңсыз өндірілген ішімдік мен 13 тоннаға жуық этил спиртін жойды, – деп хабарлайды “AstanaTV” телеарнасы. Телеарна мәліметі бойынша, егер заңсыз өндірілген ішімдікті жергілікті дүкендерге таратып үлгерсе, тауар иелері 18 миллион теңге табыс табар еді. Алайда жерасты цехын Экономикалық […]

Елорда мен Ақмола облысының тұрғындары мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден аса шығын келтірген. Олар бюджетке аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтаруға тырысып, бизнес субъектілеріне жалған шот-фактура жазған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-ның 216-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген. “Тергеу барысында айыпталушылар заңға қайшы әрекетімен мемлекетке 1,7 миллиард теңгеден аса сомаға материалдық […]

TikTok әлеуметтік желісінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінен үзінді видео тарады. Видео кадрларында ол COVID-19 вакцинасы зерттелмеген және оның адамдарға әсері белгісіз дейді. Видео авторлары Алексей Цой “Спутник V” вакцинасы туралы айтып жатқанына сенімді, – деп хабарлайды Stop Fake. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі видеоға түсінік берді. […]

Таразда облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала түсті. Бұл туралы полиция өкілі мәлім етті. “Тараз қаласының полиция басқармасына облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған  үш кәмелетке толмаған бала жеткізілді деген хабарлама түсті. Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысты жасаған күдікті анықталып, ұсталды”, – […]

Денсаулық сақтау министрлігі деректеріне сүйенсек, 18 сәуірде Қазақстанда 18 адамда COVID-19 белгілері бар пневмония анықталған. ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Бір тәулікте 30 адам коронавирустан және үшеуі пневмониядан қайтыс болды. 20 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 997 адам коронавирус инфекциясынан (38 634 КВИ+ және 363 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 13 836 науқас […]

Семей қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімі өкілдері Березовский кентіндегі “бұлақтан аққан қанға” қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды  ADILET.TV  тілшісі  Arnapress.kz. сайтына сілтеме жасап. “13 сәуірде сағат 15:10-да “Восток Бройлер” ЖШС-нің мал сою алаңында жабдықтар тозуына байланысты, қасапхана қалдықтарын тасымалдау жүйесі істен шыққан, бұл олардың кәсіпорынның қалдықтарды тазарту қондырғыларына жіберілуіне әсер […]

Ақмола облысы коронавирустың таралуы бойынша тағы да “қызыл” аймаққа өтті, – деп хабарлайды ADILET.TV  тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 20 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы мынадай: “Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. “Сары” аймақта: Алматы, Шығыс […]

Елімізде Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралдарын республика аумағына заңсыз өткізу және пайдалану жағдайлары өскен. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Автокөліктер Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Ресейдің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелінеді, өз мәртебесі бойынша шетелдік тауар саналады (яғни ЕАЭО тауарлары […]

Қазақстан жолдарында өлім-жітім көрсеткіші артқан. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі. “2021 жылдың басынан бері қозғалыс жылдамдығының жаңаруын, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар жеткіліксіздігін ескерсек, апат көрсеткішінің өскені байқалады. 2021 жылдың үш айында апат саны 4 пайызға (2 740-тан 2 […]