«Ауыл» партиясы алдағы Мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттарының тізімін ұсынды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссияның отырысында мәлім болды. Отырыс алаңында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге қойылатын басты талаптарды атап өтті. «Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін кандидат Қазақстан азаматы болуға; соңғы 10 жылда Қазақстан аумағында тұруға; жасы 25-тен […]

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы жылдың 10 айында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың қорытындылары мен министрліктің басым бағыттары жайында есеп берілді. Мемлекет басшысына 2020-2025 жылдарға арналған индустриаландыру бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар егжей-тегжейлі баяндалды. Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін айтты. Сонымен қатар жыл соңына дейін инвестиция көлемі […]

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясының ХХ съезі өтті. Алқалы жиынға Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, партияны жаңғырту бағытындағы жұмыстарға оң бағасын берді. – Біздің партия – басқару ісінде тәжірибесі мол және барлық өңірде кадрлық әлеуеті зор ең ірі саяси күш. Құрамының сапасы бойынша «Nur Otan» бүкіл Қазақстан қоғамының […]

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мерейтойлық съезде сөйлеген сөзінде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күш екенін атап өтті. Партия Төрағасы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктеріне тоқталды. – 30 жыл ішінде Қазақстан айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық жетістіктерге жетті. Бұған, ең алдымен, нарықтық экономикаға көшудің және елді жаңғыртуға бағытталған түбегейлі реформаларды жүзеге […]

Жиында Елбасы соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті. – Фракция отырысында «Nur Otan» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы Үкіметтің есебі тыңдалды. Пандемияға және соған байланысты әлемдік экономиканың 4,4 процентке, кейбір дамыған елдерде 10 процентке құлдырағанына қарамастан, […]

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму перспективасымен танысты. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке арнайы экономикалық аймақтағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, тұрақты жұмыс орындарын ашу, жеке және шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ,  Қазақстан мен Германияның бірлескен кәсіпорнының жұмысы туралы баяндады. Техникалық газ өндірумен айналысатын […]

Ардақты ағайын! Құрметті шымкенттіктер! Биыл шырайлы Шымкент шаһары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің мәдени астанасы ретінде баршаға танылды. Бұл – қала тұрғындары және бүкіл Қазақстан халқы үшін зор жетістік. Осы игі бастама төл мәдениетіміз бен өнерімізді танытып, қазақтың салт-дәстүрін насихаттауға мол мүмкіндік берді. Сондай-ақ, рухани құндылықтары сабақтас халықтар арасындағы ынтымақтастықты одан […]

Қазақстан Президенті Қарағанды қаласындағы жаңадан салынған теннис орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір мезгілде 650 бала жаттыға алады. Нысанның инфрақұрылымы әлемнің ең озық стандарттарына сай келеді. Мұнда 11 корт бар, оның 7-уі жабық. Сонымен қатар жалпы және арнайы дене шынықтыру жұмыстарына арналған залдар бар. Қасым-Жомарт Тоқаевқа орталықтың техникалық жабдықталуы туралы егжей-тегжейлі […]

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпараттандыру стратегиясын іске асыру және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды. Сонымен қатар министр азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне тоқталып, аталған бағыт бойынша алға қойылған міндеттерді орындаудың нақты жоспарлары туралы мәлімет берді. Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алынған жұмыстарды жалғастыра беруді атап […]

2021-2026 жылдар арасында, яғни, 7-шақырылымда облыс, аудан, қала бойынша 320 мандат беріледі деп күтілуде. Оның 275-і аудандық және қалалық мәслихатқа жіберілсе, 45 депутат облыстық мәслихатқа сайланбақ. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясында партия 45 орынға 84 кандидаттың тізімін ұсынып, ол бірауыздан бекітілді. Бұған дейін облыстық мәслихаттағы […]

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Ерғали Білісбеков тағайындалды. Ерғали Дәулетбекұлы 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша мәдени-ағарту жұмысының жетекшісі, экономист, құрылыс маманы. Еңбек жолын 1978 жылы Шымкент қаласындағы «Казгалантерейторг» базасында жұмысшы болып бастаған. 1983-1984 жылы Шымкент қаласындағы ОКТУ-38 оқу орнында педагог-тәрбиеші. 1984-1988 жылы Шымкент қалалық педагогикалық […]

Қазақстан Президенті Үкімет мүшелерімен, бірқатар орган басшыларымен, қалалар мен облыстардың әкімдерімен видеоконференция режимінде кеңес өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде пандемия кезінде отандық дәрігерлердің тиісті тәжірибе жинағанын, бұл дерттің негізгі белгілерін айқындап, онымен күресу жолдарын үйренгенін атап өтті. Осы аралықта еліміздің денсаулық сақтау саласы біршама нығайып, жаппай тестілеу жұмысы жолға қойылды. […]

Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баяндады. Оның мәліметінше, үстіміздегі жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп 434,5 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 млрд. теңгеге артық. «Кәсіпкерлік облысымызда үлкен қарқынмен дамып келеді. Қазір облыста 142 мың ШОБ […]

Елбасының тапсырмасымен еңбек өнімділігін 2,5 есеге өсіру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өңірде жаңа технологиялар енгізілуде. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, жобалар 3 бағытта жүзеге асырылып жатыр. «Бұл, ең алдымен, инфрақұрылым. Газдандыру, жол желісін салу, сумен, жылумен […]