Top.Mail.Ru
Саясат – Page 2

Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі. “Мемлекет басшысының келісімімен бас прокурордың 12 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып Нұрғалым Әбдіров тағайындалды”, – делінген ақпаратта. Нұрғалым Әбдіров 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін “құқықтану” мамандығы бойынша бітірген. Прокуратура органдарында қызметін 1991 жылы бастаған. Бас прокуратураның үш департаментін басқарған. Сонымен […]

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Садыр Ербол Әбілхайырұлы қала әкімінің орынбасары қызметінен босатыла отырып, қала әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ербол Әбілхайырұлы 1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1994 жылдан Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып […]

Облыстық ПД бастығы болып Жанат Сүлейменов тағайындалды. Жамбыл облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды adilettv.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Сүлейменов Жанат Қуанышұлы тағайындалды. Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі […]

Асқар Мырзахметовтың орнына Жамбыл облысының әкімі болып Бердібек Сапарбаев тағайындалды. Бұл ақпаратты Ақорда сайты хабарлады. «Мемлекет басшысының жарлығымен берілген өтінішіне орай Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды» және «Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», – делінген хабарламада. Асқар Мырзахметов […]

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Исахов Мақсұт Пернебайұлы тағайындалды. Мақсұт Пернебайұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы, заңгер. Еңбек жолын ішкі істер басқармасынан бастаған Мақсұт Пернебайұлы еліміздің бірқатар облыстарында кеден саласында, «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясында қызмет істеген. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан […]

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығынан шалғай аумақта орналасқан аудан тұрғындарымен жүздесу үшін Шымкент қаласына арнайы барды. Аймақ басшысы халықтың мұңын тыңдап, заң аясында жауап берді. Азаматтардың мәселелеріне мұқият назар салған Өмірзақ Естайұлы оларға тығырықтан шығу жолдардың тәртібін түсіндірді. Көкейтесті мәселесін облыс әкімінің алдында ақтарған бірнеше тұрғынның бірі төлебилік […]

Қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар Бұхарбай Пармановтың Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі лауазымына кандидатурасын бірауыздан қолдады. Бұхарбай Рысқұлұлы 1962 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары. Еңбек жолы 1980 жылы Ленин ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы болудан басталған. Мемлекеттік қызметті 1986 жылы Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті […]

Кеше Түркістан облысы, Ордабасы ауданының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы 2019 жылы ауданда атқарылған жұмыстарға байланысты есептік кездесуін өткізді. Бұл жиынға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің өзі де арнайы келіп қатысты. Бүгінгі таңда Ордабасы ауданы даму үстінде екені баршаға белгілі. Барлық салада іргелі, сүбелі,еңселі жұмыстар атқарылып келе жатқанына жергілікті жұртшылық […]

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов шаһардың былтырғы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен биылға жоспарланған міндеттер туралы есебін TedX бүкіләлемдік тәжірибе негізіндегі жаңа форматта өткізді. Шаһар басшысының халыққа есеп беру кездесуіне қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев оның жаңашылдығына оң бағасын берді. «Біз – күллі түркі әлемінің мәдени-рухани ордасына айналған қасиетті мекеніміз […]

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі диалог алаңы аясында Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кезекті кездесуді өткізді. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ елдерімен орнаған ынтымақтастыққа аса көңіл бөлетінін атап өтті. «ЕО – […]

Шымкент қаласындағы мүгедектердің өмір сүру деңгейін жақсартудың ұлттық жоспарын талқылау жөнінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков, Шымкент қаласы Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Жұмағали Білісбеков, қалалық басқарма басшылары, ҮЕҰ өкілдері қатысып, осы мәселе жөнінде атқарылған жұмыстарды талқылады. Бауыржан Шереханұлы партияның алдында тұрған […]

Бас прокуратура мен Үкімет “Ақ жол” партиясының  төрағасы, Мәжіліс депутаты А. Перуашевтің “Арселор Миттал Теміртау” пайдасының 20 млрд теңгесің жасырғаны және қазақстандық кәсіпорындарға қарызы туралы мәлімдемесін растады деп хабарлайды партия сайты. Атап айтқанда, Үкімет қабылдаған шаралардан кейін шетелдік 24 жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық 24 кәсіпорынға 1,5 миллиард теңге қарызының 800 […]

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданында төрт түліктің төресі – түйені көбейтуді көздеп, ішкі нарықты тұтастай қамтуды міндеттеді. Ойсыл қара тұқымымен өзге өңірлермен бәсекелес болатындай қауқары бар ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алуды тапсырды. Бұл туралы Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатовтың есебінде айтылды. Аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен […]

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.  Кездесу барысында коронавирустың таралуы салдарынан әлемдік нарықтағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы мен оны дамытудың перспективалары қарастырылды. Қазақстан Президенті Үкіметке ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, жоспарланған құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, халықтың қажеттіліктерін өтеу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

Top.Mail.Ru