Түркістан облысының Кентау қаласында құрылысы былтыр аяқталған дайын пәтерлер әлі күнге қаңырап бос тұр. Су жаңа баспананың қолданысқа берілмеуіне көгілдір отын мен жылу қазандығының орталыққа қосылмауы себеп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Кентауда қаңырап тұрған үйлердің құрылысы 2020 жылдың күзінде аяқталған. Түскейдегі кеншілер қаласында 5 мыңнан астам адам үйдің кезегінде тұр. 5 […]

Шымкенттіктер автоемтиханнан өтпес бұрын, мамандандырылған ХҚО-да алдын ала жол қозғалысының теориясы бойынша білімін сынап көре алады. Жыл басынан бері мыңнан астам шымкенттік осы мүмкіндікті пайдаланып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімін тексерген. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 3 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Оның екеуі автоматтандырылған автодроммен жабдықталған. Алдын ала білімін тексеру […]

Түркістан облысының әкімі  Өмірзақ Естайұлы ШӨКЕЕВТІҢ назарына!  Ата қоныс жеріміз кең, даламыз байтақ деп кейде кеудені керіп мақтана кетеміз. Бірақ, кейінгі кездері ауылдағы ағайынға жайылымдық жер жетпей, жер гектарлап жекенің қолына өтіп кетіп, абдырап қалған тұсымыз тағы бар. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Ащыбұлақ ауылының халқы төрт түлік малын қозы көш […]

Қазақстан Президентіне Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын жақсартуға қатысты қабылданған шаралар, өңірдегі коронавирус індетіне қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өмірзақ Шөкеев облыста ковид-менеджмент бойынша жүйелі жұмыс жасалғанын, санитарлық-эпидемиялық тәртіптің қатаң сақталғанын, халыққа екпе егу ісінің қарқынды жүріп жатқанын айтты. Жалпы Түркістан облысы бойынша 1 миллион адамға […]

фото: Жібек Жолдасова, психотерапевт Коронавирус инфекциясы болашақта альцгеймер қаупіне шалдыққандар қатарын арттырады. Себебі, КВИ инфекциясы тікелей миға әсер етіп, адамды ұмытшақтыққа жетелейді. Бұл туралы  Невроз және Альцгеймер ауруын емдеу клиникасының бас директоры, психотерапевт Жібек Жолдасова толығырақ айтып берді, – деп хабарлайды  ADILET.TV  тілшісі Azattyq Rýhy ақпараттық сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік […]

Ясауи кесенесіне жақын орналасқан 4 қабатты ғимарат небәрі 313,7 млн. теңгеге сатылған. Бұл нарықтағы бағасынан әлдеқайда төмен. Оған қоса, әкімдік ғимаратты сатпас бұрын бюджеттің ақшасына оны күрделі жөндеуден өткізіп берген,- деп хабарлайды жергілікті прокуратура. 4 қабатты еңселі ғимарат Есім хан алаңында орналасқан. Ал ол жер түркі әлемінің рухани қазынасына айналған […]

Бұған дейін екі миллион адамды вакциналауға уәде етілген. “Халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жалғасып жатыр. Бүгінде вакцинаның 2,6 миллион дозасы пайдаланылды, оның ішінде бірінші компонентті 1 871 823 адам, екінші компонентті 778 346 адам салдырды”, – деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында. Оның айтуынша, бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына бірінші дозаны […]

2021 жылы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған адамдар 2022 жылы қайта вакциналауға дайын болуы керек. Бұл туралы Funke медиатобының басылымдарына берген сұхбатында Германияның вакцинация жөніндегі тұрақты комиссия басшысы профессор Томас Мертенс мәлімдеді, – деп хабарлайды Deutsche Welle. “Вирус жоғалып кетпейді. Сондықтан қазіргі коронавирусқа қарсы вакцинация соңғысы емес. Біз келесі жылы вакцинацияға […]

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты. “Бүгінде білім беру ұйымдары террористік тұрғыдан осал нысандар санатына жатқызылған. Мамырдың басында Үкімет қаулысымен осындай нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар бекітілді. Қаулы 6 мамырда қабылданды. Егер бұрын бұл талаптар ұсыным сипатында болса, енді білім беру нысандары міндетті […]

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) деректері бойынша, 2021 жылғы сәуірде Қазақстанда жаңа автомобильдерді сату биыл алғаш рет айына 10 мың автокөлік белгісінен асып түскен. Бұл 2021 жылғы наурызбен салыстырғанда 20 пайызға көп: 9 195 жеңіл көлік мен жеңіл коммерциялық техника, сондай-ақ 843 жүк көлігі, арнайы техника және автобус. Алғашқы төрт айда […]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері мемлекеттік органның бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы мемлекеттік бюджет есебінен алынатын барлық мемлекеттік орган үшін бекітілген еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгіленетінін айтты. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы […]

Бүгін, 17 мамыр – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. Ол 68 жасқа толды. Өткен жылы Президенттің баспасөз хатшысы Мемлекет басшысының бұл күнді атап өтуді ұнатпайтынын, өйткені оның отбасында балалардың да, ата-ананың да туған күндерін тойлау дәстүрі жоқ екенін айтқан. […]

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Денсаулық сақтау министрлігінің “Спутник V” вакцинасының бірінші және екінші дозаларын салу мерзімін 21-ден 90 күнге дейін ұзартуға қатысты жауабына пікір білдірді. “Денсаулық сақтау министрлігінің вакцинацияға қатысты ұстанымын зерттегеннен кейін жауаптан гөрі көбірек сұрақ туындады. Мен денсаулық сақтау министрлігі заттарды әртүрлі атаумен айта отырып, ұғымдарды алмастыратынына таңмын”, […]

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сабира Адамбекова мәлімдеді. «Ashyq» жобасы аясында мобильді қосымша арқылы QR-кодты пайдалану және ПТР-дің ортақ базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін анықтайды. Бүгінде қала бойынша кәсіпкерлерден жобаға қатысуға 858 өтінім түсіп, оның 404-не QR код берілді. Ал қалғандары қаралу […]