Top.Mail.Ru
Қоғам – Page 3

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Әл-Фараби ауданы бойынша басшысы Талғат Серманиязов қатысты. Брифингте ең алғаш сөз алған […]

Әл-Фараби ауданында дезинфекция жұмыстары қарқынды түрде атқарылуда. Аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдары бар болса, олардың әрқайсысы кезең-кезеңімен пандемияға қарсы дәріленіп жатыр. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары және кіреберістері мен басты көшелерге сенбі, жексенбі күндері де дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге […]

Коронавирус індеті елімізде де қаламызда да көбейіп жатқаны алаңдатып отыр. Басты себеп қарапайым сақтық ережелері мен санитарлық талаптарды сақтамаудан туындап, қауіп еселене түсуде. Әсіресе, соңғы күндері көз көрген, таныс азаматтарға да пандемияның салқыны тигені қатты көңіл құлазытты. Ыстық күнде әрең тыныс алып жүргендер үшін, бұл дерт тіпті ауыр соққы болуда. […]

Шымкенттегі темір жол вокзалында коронавирусқа қарсы тәртіп күшейген. Әлеуметтік ара қашықтық, бетперде режимі, вагондар арасында жолаушылардың жүріп-тұруы талапқа сай жүргізілуде. Ал, жолаушылардың дене температурасы ғимараттың ішіне кіреберісте автоматты түрде анықталып, күзетшілерге монитор арқылы белгі береді. Ауа баптағыш құрылғылар арқылы дизенфекциялық жұмыстар жүргізіледі. – Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимарат тазалығына 10 қызметкер […]

Шымкент қаласында тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, қаладағы қоғамдық көліктерге күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. – Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда. Күндіз қалада 76 бағыт бойынша 1047 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасында әр айналым сайын және таңертен және кешкі уақытта автобаза аумағында […]

Шымкент және Түркістан облысынан ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі, қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек ханыммен Түркістан облысындағы және Шымкент мегаполисіндегі бүгінгі әлеуметтік-саяси жағдай, кадр саясатындағы осал тұстар, қоғам белсендісін қолдаушылар мен атқарған жұмыстарының нәтижесі жайында әңгімелестік. – Айгүл ханым! Біздің өңірдің кейбір ер азаматтары ашық көтере алмайтын маңызды, өзекті […]

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, коронавирустық инфекцияны төмендету бойынша шараларды күшейту үшін Шымкентте модульді жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Жаңа орталықтың ашылуына еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы келді. Бір қабатты ғимарат 200 төсек-орынға арналған, модульді үлгі бойынша салынды. Госпиталь қаладағы «Ақжайық» шағынауданында бой көтерді. Орталық қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының […]

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Бастау Бизнес» жобасына онлайн тіркелу жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Олжас Жансейтов пен Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Жанат Өтебаева қатысты. «Бастау Бизнес» жобасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік […]

Биыл Шымкентте үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары 1 810 гектарға жүргізіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есеге артып отыр. Атап айтқанда,Абай ауданы – 680 га, Әл-Фараби ауданы -100 га, Еңбекші ауданы – 400 га, Қаратау ауданы-630 га құрады. Зиянкестермен күреске 5,5 миллион теңгеге жуық қаржы қаралды. Тиісті […]

Еліміздің үшінші мегаполисін сапалы интернетпен қамту жайы күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында әкім әр он күн сайын осы салаға жауапты мамандардың басын қосып, интернет сапасын жақсарту шаралары қалай жүргізіліп жатқанын пысықтауда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Қашықтан оқу барысында ата-аналардан интернет сапасының нашарлығы туралы […]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыс кезінде кәсіпкерлік саласына қолдау көрсету тапсырмасы негізінде бүгін Шымкент қаласында «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесі жаңа форматта қайта ашылды. Бұл жоба кәсіпкерлерге бір көзден орталықтандырылған мемлекеттік және сервистік қызметтерді жедел алуға көмектеседі. Мұнда нишалық жобаларды сүйемелдеу, жеңілдетілген 1% несие беру, «1000 сауда орны» бағдарламасы […]

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қатысуымен қала аумағындағы карантин шектеулеріне байланысты жаңадан енгізілген Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар бойынша брифинг өтті. Брифингте белгілі болғандай, 2020 жылдың 7 маусымында Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №20 коронавирусты инфекциясымен […]

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1 тармағының 13 тармақшасының негізінде, 2020 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №37 БМСДҚ «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды […]

Шымкентте қоғамдық көлік жаңа автобустармен толығып, аялдамалар салынады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз турында мәлім болды. Жуырда Шымкентте қоғамдық көлік сапасын жақсарту мақсатында жаңа жүйе қабылданды. Соның нәтижесінде көлік саласындағы түйткілді мәселелер рет-ретімен шешімін таппақ. – Төлем карталары тамыз айынан бастап, 500 теңгеден сауда орталықтары мен дүкендерде сатыла бастайды. […]

Top.Mail.Ru