Ел аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 22 маусымдағы хаттамасының негізінде елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы қаланың ресми сайты хабарлады. Жаңа қаулыға сәйкес елордада коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын […]

Биыл Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Қажымұхан ауыл округіне қарасты Көктөбе елді мекеніндегі «Жанұзақ Ата» шаруа қожалығы картоптан мол өнім алмақшы. 10 гектар аумаққа картоптың ресейлік «Коломбо» сортын еккен шаруа қожалық басшысы Бағдат Жолдасбеков өнім көлемін 250 тоннадан асыруды көздеп отыр. «Жалпы өзіме тиесілі 25 гектар суармалы жердің 10 гектарына шетелдік […]

Мереке қарсаңында Жетісай АПБ-нің мәжіліс залында карантин талаптары қатаң сақтала отырып, жеке құрам, ішкі істер органдарының ардагерлері мен Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбектің қатысуымен іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Әкімдіктен келген қонақтар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші Ішкі істер органдары ардагерлері мен Жетісай АПБ-нің жеке құрам қызметкерлерін кәсіби мерекесімен […]

Алмахан ТЕМІРХАНОВ, Шымкент қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі: «ПОЛИЦИЯ ПРЕСТИЖДІ ҚЫЗМЕТ ДЕП АЙТА АЛАМЫЗ» — Ішкі істер органдары мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі ретінде қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие. Ішкі істер министрлігінің талаптарына сәйкес заң бұзушылықтарға жол […]

Ералы ЖҰМАХАНБЕТОВ, Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры: «ШЫМКЕНТ ЕҢ ҚАУІПСІЗ ҚАЛАҒА АЙНАЛУДА» 2007 жылдан бері елімізде 23 маусым – Қазақстан Полициясы күні болып бекітілді. Бұл жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында жүрген құқық қорғау саласы басшыларына, ардагерлеріне және осында жанкешті еңбек жүрген барша полицей қызметкерлеріне ризашылық пен алғыс білдіру […]

Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы А.МАМИННІҢ назарына! ҚАЗАҚСТАНҒА СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ҚАЖЕТ немесе Т.НАРИМБАЕВТЫҢ МАМАНДАРДЫ ҚУДАЛАУДАҒЫ МАҚСАТЫ НЕ? Газетіміздің 2021 жылғы 9 маусымындағы №16 (131) санында «Су шаруашылығы құрдымға кетіп барады, мамандар дабыл қағуда…» атты мақаламызда «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, 2020 жылы жұмысқа маман болып келген, қазіргі кезде ІТ саласы бойынша […]

Бүгін вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті. Нұр-Сұлтан қаласында «Дельта» («Үнді») штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты ВАК ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантиндік режим бойынша мынадай қосымша шаралар қабылдауды ұсынды: COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар […]

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстанға коронавирустың Үнді штаммы келді. Көрші Ресей елінде эпидемиялогиялық жағдай күннен-күнге өршуде. Шымкент қаласында да эпидемиялогиялық жағдай тұрақсыз. Инфекцияға шалдыққан науқастар саны күн санап артуда. Қазір қауіпті инфекцияға жұқтырған 24 науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Коронавирус жұқтырғандар арасында өлім жітім көрсеткіш саны артуда. Осы […]

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай өткен «Жаңарған Түркістан» салтанатты кешінде облыстың дамуы мен қалыптасуына сүбелі үлес қосып, еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. «Конгресс-Холл» концерт залында өткен мерекелік шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, Түркістан облысына еңбегі сіңген мемлекеттік қызметшілер мен қоғам қайраткерлерінің ерен еңбегін ерекше атап […]

Түркістан облысының әкімдігі мен «Қазақстандық-Француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорны» ЖШС Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған облыстық жедел көмек станциясын салу туралы меморандумға қол қойды. Оның құрамына кардиологиялық, педиатриялық, реанимациялық-хирургиялық, неврологиялық, психиатриялық, токсикологиялық бригадалар болады. Жедел жәрдем станциясы жылына 70 000 шақырыруға шыға алады. «Бұл жобаның мақсаты – Түркістан қаласы мен оған […]

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына арналған «Жаңарған Түркістан» салтанатты концерті өтті. «Конгресс-Холл» концерт залында өткен мерекелік кешке қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барша қазақстандықтарды құттықтады. “Сіздерді Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуымен құттықтаймын. Түркістан – күллі Алаштың текті төрі, қазақтың шежірелі шаһары және түркітілдес халықтардың рухани астанасы. Сондықтан бұл […]

Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Дәрігерлер аллеясы» ашылды. Медицина саласы қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында бой көтерген демалыс орнына аудан бюждеті есебінен 12 млн. теңге қаржы жұмсалған. Тұрғындардың демалып, бой сергітуіне арналған саябақ аумағы 500 шаршы метр. Игі шараның ашылу салтанатында сөз алған Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт аудан тұрғындарының атынан адам […]

ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі триллион теңгені термиттер жеп қойды деген ақпаратты жоққа шығарды деп жазады Zakon.kz. «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, бұл – фэйк», – деді Ұлттық банктің бапсасөз қызметіндегілер. Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджер арқылы Ұлттық банкте сақталып тұрған триллион теңгені термиттердің жеп қойғаны туралы ақпарат тараған […]

Түркістан облысында «Ashyq» қосымшасында келушілер саны бойынша жоғары деңгей көрсеткен қоғамдық орындар «Ashyq көшбасшысы» мәртебесіне ие болады. Бұл нысандар өңір «жасыл» аймақта болғандықтан жұмыс режимін қосымша 2 сағатқа ұзартып, нысанды толтыруды 10%-ға арттыра алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков мәлімдеді. Қазіргі […]