Газетіміздің өткен санында «Алдау бар жерде ақиқат жоқ» тақырыбымен Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының міндетін атқарушы О. В. Почиваловтың іс-әрекеттеріне байланысты сыни журналистік зерттеуімізді жариялаған болатынбыз. Өкінішке қарай, сыннан дұрыс қорытынды шығармай, ҚР Еңбек кодексін аяғымен таптағандай болып, Шымкент қаласының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөпірімдер спорт мектебінің […]

Құрметті оқырман, өздеріңізге берген уәде бойынша біздің редакцияның атынан Түркістан қаласындағы Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университетіндегі орын тапқан жағдай туралы қысқаша баяндама жасайтын ойымыз бар. Бір аңызды негізге алсақ, ертеде Қошқар ата әулие тоғыз жолдың торабында тұрған, аптап ыстықта қалған, аптасына жеті күн уілдеген желден азап шеккен Түркістан […]

Еліміздің болашағына алаңдамайтын қазақ азаматы жоқ шығар сірә, бүгін. Заман көші ілгері дамығанымен белден тартып, аяқтан шалатын – сыбайластық (бұл сөздің астарында үлкен мазмұн жатыр) сыры ашылар емес. Қай саланы алсаңыз да, өрескел заңбұзушылықтар мен сыбайластықтың бет пердесі жыртылып жатады. Ең өкініштісі сот саласындағы сыбайластық пен жемқорлықтың күрт өсуі жаға […]

Қазақстанның Тұңғыш Президенті медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын кәсіпорында болды. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Казмедприбор» ЖШС-і 15 мыңнан астам медициналық құрал-жабдық, 120 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 742 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Кәсіпорын 2005 жылы құрылған. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Елбасыға жеке инвестордың қаражатына […]

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын «Шымкент ескі қалашығы» тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды. Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады. […]

Шара барысында Елбасы концерттерге, театрландырылған қойылымдарға, байқауларға, ғылыми конференцияларға және басқа да шараларға арналған көпфункционалды мәдени объектімен танысты. Жаңа ғимаратта 1000 орындық көрермендер залы, төрт дайындық бөлмелері, әкімшілік кеңселері және балаларға арналған ойын бөлмесі болады. Сонымен қатар сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жаңарған Ел – бақ қонған Ел» бейнеролигі ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен салынған жаңа спорт нысанымен танысты. Стадионның трибуналары жеті мың көрерменге есептелген. Ашық аренаның батыс және шығыс трибуналары бар. Сонымен қатар спорттық ғимаратта акробатика, бокс және ауыр атлетика жаттығу залдары орналасқан.

Түркістан облысына сапары барысында Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты. Халықаралық әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан. Қаладан 20 км қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған. Әуе айлағын салу үшін 102 бірлік арнайы техника мен 300-ден астам құрылысшы жұмылдырылды. Халықаралық әуежайдың жалпы […]

Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта Армениямен болып жатқан қақтығыста Арменияның 550 азаматының қаза тапқанын, сондай-ақ жараланғандар санының көп екенін мәлімдеді. Бұл туралы Trend агенттігі хабарлады. «Таулы Қарабақтағы Талыш елдімекені үшін болған қақтығыста Арменияның 550 жауынгері қаза тапты, жараланғандары бар. Барлау қызметінің мәліметінше, қарсы тараптың 22 танкі мен бронетехникасы, 15 «ОСА» […]

  Бұл туралы  ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тəжиева мəлімдеді. – Қалада білім мекемелері толықтай интернет желісіне қосылған. Бүгінде «Қазақтелеком» АҚ-ы арқылы білім беру ұйымдарының интернет желісінің жылдамдығын 8 Мб/с – 12 Мб/с-қа дейін ұлғайту мақсатында қосымша келісімшарттар түзілуде. Ал қала шетіндегі интернет жылдамдығы төмен […]

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен елімізде енгізілген карантинге байланысты Шымкент қаласында қашықтықтан, кезекшілік сыныптардың білім беру жағдайы бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде басқарма басшысы карантиндік режим кезінде қашықтан оқыту барысына тоқталды. – Қаладағы барлық мектептерде «Bilim Iand – Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқыту ұйымдастырылған. Сонымен […]

Шымкент қаласының әкімі Мұрат ӘЙТЕНОВТІҢ назарына! Газетіміздің өткен санында «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргенінен емес…» тақырыбында Шымкент қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасында қордаланған мәселелерге қатысты сыни мақала жариялаған болатынбыз. Мақалада мектеп директорларынан келген арызда көтерілген мәселелердің иненің жасуындай ғана бөлігі қозғалды. Журналистік зерттеуіміз объективті болу үшін осы […]

Бүгін біз Шымкент қаласы «Nur Otan» партиясы атынан «праймериз 2020» қатысушысы, мәслихат депутаттығына үміткер Данабек Исабековпен сұхбаттасып,оның сайлауалды бағдарламасы және қаладағы басқа да өзекті мәселелер аясында әңгімелестік. Данабек Ержанұлы Исабеков 1983 жылы дүниеге келген. «Заң», «Экономика», «Қаржы», «Жерге орналастыру» салалары бойынша жоғары білімі бар. «Заңгер» магистрі. «Менеджмент», «Сервистік мәдениет», «Корпоративті […]

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТТІКТЕР! НҰР ОТАНДЫҚТАР! Білім-ғылым – әлем тұтқасы. Адамзатты шыңға шығарып, жетістіктерге жетелейтін ұлы күш. Бүгініміз – ертеңгі тарих. Ертеңіміз – ұрпаққа аманат. Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен балаларымыздың бейбіт өміріне, кемелді келешегіне біз жауаптымыз. Мен, Исабек Баршагүл Қашқынқызы, «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде партияның Саяси кеңесінің 2020 жылғы 26 наурыздағы […]