Орталық мемлекеттік органдар басшыларымен және облыс әкімдерімен 2020 жылғы 19 тамызда өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарда жемқорлықпен байланысты жүйелі проблемаларды жоюға бағытталған кешенді және алдын алу жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде мемлекеттік және жеке ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық […]

Түркістан облысында 2020-2025 жылдар аралығында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 180 шақырым жаңа айналма жолдардың құрылысы жүреді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы маңындағы 48 шақырымдық Оңтүстік-Батыс айналма жолы, Түркістан қаласы жанындағы 30 шақырымдық Шығыс айналма жолы, сондай-ақ, Сарыағаш қаласы тұсындағы 102 шақырымдық айналма жол. Бүгін өңірдегі жол құрылысындағы аталған жобалармен […]

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен елдімекендерді қалпына келтіру мақсатында 895 үй қайта салынуда. Қазіргі таңда 360-қа жуық үйдің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қалған баспаналардың қабырғалары қаланып, шатыры жабылуда. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев ауданға арнайы іс-сапармен барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. «Жалпы ауданда салынып жатқан 895 үйдің […]

Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып 500 мың теңге пара алған шымкенттік шенеунікке қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық іс Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында прокурордың, адвокаттың және сотталушының қатысуымен онлайн байланысында қаралған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы қызметін атқарған М.С. пара берушінің пайдасына жасаған іс-әрекеттері үшін […]