Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысының биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебін тыңдады. Премьер-Министр сегіз айда қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 3,3%-ға, оның ішінде машина жасау – 16,3%-ға,  көлік құрастыру – 51,8%-ға, сондай-ақ фармацевтика –34,1%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 11%-ға, химия өнеркәсібі – 3,1%-ға және дайын метал өнімдерін шығару – […]

Шымкент қаласында 8 айда 22,9 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 процентке өскен. Бұл өсімге мал шаруашылығы саласындағы өнім көлемін арттыру арқылы қол жеткізілді. Атап айтқанда, 8 ай ішінде 100,4 миллион дана жұмыртқа алынды. Оның ішінде 23 миллион данасын «Тассай құс» және […]

Шымкент қаласында COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу өтуде. Солардың бірі Асар шағынауданындағы қалалық Жұқпалы аурулар орталығында жалғасты. Оқу-жаттығу барысында науқастың шақыртуының «103» пультіне түскен сәтінен бастап, тиісті белгілері болған жағдайда стационарға жатқызуға дейінгі бағытының бастан аяқ алгоритіміне баса назар аударды. Бұл қабылдауды дəрігер […]

Бүгін Шымкент қалалық №3 емханасында коронавирус пандемиясына қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығу барысында емханаға келіп түскен шақырту қабылданды. Шақырту түскеннен кейін науқастың үйіне дәрігерлер мен фельдшерлер барып, оның хал-жағдайын толыққанды тексеріп, медициналық көмек көрсетті. Тексеру кезінде науқасқа қосымша диагностикалық көмек керек болғандықтан «Медикер» орталығына апарып, компьютерлік томографияға түсірді. Осы орайда […]

Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашалығы орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің  тұсауы кесілді. Ұлттық өнерді насихаттаушы – жыршы, күйші, домбыра ұстасы, ер ұстасы, бүркіт, тазы баптаушы, ағаш ұстасы және т. б.   кейіпкерлер туралы сыр шертетін туынды өңірдің оң имиджін қалыптастыру мақсатында өткізілген баспасөз конференциясы барысында таныстырылды.   Конференцияға деректі […]

Түркістан облысы Мырзакент кентіндегі 1976 жылы пайдалануға берілген Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Нысанның құрылысын биыл қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.  Спорт алаңының сыйымдылығы 2066 көрерменге арналған. Нысанның құрылысын мердігер «ПМК-7К» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда спорт алаңында көрермендерге арналған орындықтар орнатылуда. Сондай-ақ, алаңға газон өсіру үшін […]

Жылдың суық мезгілі келуімен жіті респираторлық вирусты инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау ауруының маусымы басталады. Сондықтан сырқаттардан сақтана білген жөн. Түркістан облысы бойынша 2020 жылға тұмауға қарсы Ресейлік «Гриппол+» вакцинасының 240 637 дозасы алынып, тұмауға қарсы егумен облыс тұрғындарының 12,14%-ын қамту жоспарланып отыр. Жоспарлы профилактикалық егу халықтың жекеленген санаттарына (медицина қызметкерлері, […]