Осы демалыс күндері Түркістан облысы Отырар ауданында Отырар АПБ жеке құрамы “Қауіпсіз аудан” алдын алу жедел іс-шарасын өткізді. Оның негізгі мақсаты жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ескерту, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарын анықтау, жол қауіпсіздігінің сақталуын бақылау, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету болып […]

Бәйдібек ауданындағы Жамбыл ауылында “Бақыт-Ислан” ЖШС-і заманауи озық үлгідегі жылыжай кешенін салуда. Жалпы аумағы 5 гектар, жылыжайдың аумағы – 3 га. Жобаның құны – 750 млн теңге. Жылыжайдың жылдық қуаттылығы – 700-800 тонна. Кешенде 60 адам жұмыспен қамтылатын болады. 2019 жылдың тамыз айында құрылысы басталған жоба биыл толық аяқталып жұмысын […]

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш.Мұқан этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени бірлестіктермен кездесу өткізді. Айта кетерлігі, мегаполис мәртебесін алған Шымкент қаласы тұрғындарының 38 пайызын этнос өкілдері құрайды. Халықтың осы санатын жалпыұлттық міндеттерге жұмылдыруда 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарады. Сондай-ақ орта […]

Шымкенттің «Стандарт» командасы футболдан әуесқойлар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды. Чемпионат 18-20 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Оған 35 жасқа дейінгі жас категориясында 32 команда қатысып, 8 топқа бөлініп бақ сынады. І тобында Сәтпаев қаласының «LFC JB – SATPAYEV», Қарағандының «ТЧЭ-14» және Жаңаөзеннің «Арлан» командаларынан басым түскен шымкенттік аяқдопшылар […]

Осы жылы қала аумағына 800 мыңға жуық ағаш көшеттерін егу жоспарланған. Көктем айларында 71 253 дана ағаш көшеттері отырғызылған. Ал күз мезгілінде 703 646 дана көшетті сенбіліктер аясында егіледі. Сонымен қатар, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, биыл 8 ай көлемінде 201,1 мың шаршы метр аумаққа жаздық гүл […]

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада бейне үндеу жасады. Аталған шара коронавирус індетіне байланысты онлайн форматта өтті. Мемлекет басшысы өз сөзін БҰҰ бұрынғы Бас Хатшысы Даг Хаммаршельдтің: «Біріккен Ұлттар Ұйымы бізді жұмаққа жеткізу үшін емес, тозақтан құтқару үшін құрылған» деген қанатты […]