Шымкенттегі “Тәуелсіздік” саябағында қала әкімдігі 300 түптен астам сәндік ағаш көшеттерін отырғызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді» деген болатын. Президент айтқан межені жүзеге асыру мақсатында осы […]

Бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте белсенділік танытқан бір топ азаматтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталды. Жұқпалы індетпен күресте ерекше көзге түскендердің қатарында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және өзге де сала өкілдері мен еріктілер бар. Мегаполистің марапат иелеріне медальді қала әкімі Мұрат Әйтенов […]

Халыққа қызмет көрсету орталығы – еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түспек. Демек, халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың дамып отыруы – заңды құбылыс. Осы орайда халыққа қызмет көрсету орталықтарының бүгінгі жетістігі деп брондау жүйесін айта аламыз. Себебі ендігәрі орталықтан қағаз жүзінде қызмет түрін […]