​ Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылдық округіндегі «Әшәбаев» ШҚ мал шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алған. Жылқы және сиыр шаруашылығын ұштастырып отырған қожалықтың негізі 2000 жылы қаланған. Шаруа иесі Ербол Әшәбаевтің айтуынша, кәсібін ең алдымен 10-ға жуық мал түрінен бастаған. Бүгінде қорасын кеңейтіп, мемлекет көмегімен мал басын арттырып отыр. […]

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы “Kazakh Tourism” ҰК АҚ бастамасымен Түркістан облысы туризм басқармасының қолдауымен қолөнер өнімдері арқылы өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлмира Ахбердиева ашты. Іс-шараға “Kazakh Tourism” ҰК АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры Даниел Сержанұлы, “Атамекен” ҰКП […]