Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, дауыс беру нәтижесі ол ұсынған Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету және мемлекеттілігін одан әрі нығайту бағдарламасы бүкілхалықтық қолдауға ие болғанының куәсі екенін атап өтті. Қазақстан Президенті бауырлас Қырғызстанмен арадағы ынтымақтастықты екі ел халқының мүддесіне сәйкес достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында […]

Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Үміткерлерге ҚХА-ның 351 мүшесі дауыс берген. Айта кетейік, ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткер: Сауытбек Әбдірахманов – Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты; Аветик Амирханян – БҚО армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің өкілі; Ілияс […]

Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстың алдын ала қорытындысын жариялады. ОСК хатшысы Сәбила Мұстафинаның дерегінше, «Ауыл» партиясы сайлаушылардың 5,29 пайыз, «Nur Otan» партиясы 71,09 пайыз, «ADAL» партиясы 3,57 пайыз, «Ақ жол» партиясы 10,95 пайыз және «Қазақстанның Халық партиясы» 9,10 пайыз дауысын жинаған. […]

Жастардың бастамаларын жан-жақты қолдағаны және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық іс-шараларға қатысуға кеңінен тартқаны үшін Түркістан облысының басшылығына Қорғаныс министрінен алғыс хат табыс етілді. «Әскери-патриоттық клубтарда оқып шыңдалған жастар кейіннен әскерге шақырылғанда немесе әскери оқу орындарына түскенде әскери ғылымдардың қыр-сырын меңгеруде анағұрлым жоғары дәреже көрсетеді және әскери қызмет жағдайларына оңай бейімделеді. Қорғаныс […]

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған егде жастағы ер азаматқа айыппұл салынып, жүргізуші куәлігінен айыратын болады. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысы полиция департаментінің полицейлері екі автокөлік жүргізушілерінің арасында ерегіс жазылған бейнежазбаны анықтады. Тексеру барысында оқиға Келес ауданы елді мекендерінің бірінде орын алғаны белгілі болды. “Шевролет” автокөлігінің жүргізушісі жол […]