Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге келген. Еңбек жолын 1998 жылы республикалық «Нартәуекел» газетінде тілшілік қызметтен бастаған. 1999 жылы қалалық «Шымкент келбеті» газетінде, 2000 жылдан бастап «Отырар» телеарнасында журналист болып қызмет […]

Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі жұмысы мен жетістіктері туралы айтты. Президентке ірі жаһандық инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығы артқаны жөнінде мәлімет берілді. Бұған Kaspi.kz акцияларының Лондон қор биржасына ашық түрде сәтті орналастырылуы себеп болды. Сонымен қатар кездесуде қолма-қол ақшасыз төлем көлемінің өсуі және оның қолданылу […]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қос азаматтық алу фактілері жиілеп кеткенін айтты. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Президент бұл жайтқа байланысты жауапкершілікті қатаңдатуды тапсырды. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салған елдердің үлкен тобына жатады. Тиісті норма біздің Конституциямызда бар», – деп еске салды Тоқаев отырыста. Алайда, оның айтуынша, соңғы […]

Түркістан облысында шаруаларды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру шаралары жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығының сала мамандары Сарыағаш және Келес ауданы диқандарымен көктемгі егіс науқаны бойынша қаржылай қолдау көрсету мақсатында кездесу өтті. Негізгі жоспар – ауыл шаруашылық субъектілерін несие алуға ынталандыру. Жиында егін егуге, егістікке қажетті техника сатып алауға ниетті шаруаларға мемлекет […]

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті. ВАК отырысының қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды: 1. 7 күн бойы «жасыл аймақта» тұрған өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап: – цирктердің, бильярд клубтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуіне – толымдылығы […]

Парасаттылық –   ізгіліктің іргетасы, даналықтың биік шыңы. Бұл кемел қасиет толық қалыптасқан  қоғамда адалдық пен әділдік, туралық пен тазалық, адамгершілік пен сенім құндылықтары кең тамыр жаяды, өнегелі істердің өрісі кеңейеді. Бұл ретте, парасаттылық идеялогиясын ілгерілетуге айрықша басымдық берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бүгінгі күні  Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, […]

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бірлесіп ұйымдастыруымен  «Бизнесті және инвестицияны қорғау» мәжілісі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Бизнес ортадағы […]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін квазимемлекеттік сектор қызметіне енгізу мәселесі бойынша өңір кәсіпкерлері мен квазисектор өкілдеріне семинар-тренинг ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, Түркістан […]

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының дамуына ерекше мән беріп келе жатқанын атап өтті. – Сіздің киноиндустриядағы тәжірибеңіз мол, халықтың ықыласына бөлендіңіз. Фильмдеріңізбен түрлі кинофестивальдерге қатысып жүрсіз. «Анаға апарар жол», «Томирис» және басқа да туындыларыңызды көрермен жылы қабылдады. Қазір сізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Алдағы жұмысыңызға […]

Былтыр Жетісай ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолы мен елді мекендерге қарасты 53 көшеге орта жөндеу және 219 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 15,2 шақырымды құрайтын 22 көшеге орта жөндеу, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,68 шақырымдық […]

Түркістан қаласының орталығында Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектебінің жаңа жобасы мақұлданды, деп хабарлайды adilettv.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Түркістан қаласының орталығындағы Саттарханов даңғылының бойынан бой көтеретін ғимарат заман талабына әрі шаһардың жаңарған келбетіне сай болады. 320 орындық спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмелері орналасады. Нысан құрылысы […]

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне 25 жыл. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТРК-ның жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көріп, ұжымды мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. Президент Телерадиокешені жұмысының негізгі нәтижелерімен танысты. Ширек ғасыр ішінде оның қызметкерлері 800 деректі фильм түсірген. 2019 жылдың 20 наурызынан […]

Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық тергеу соты экс-министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартты. Бұл туралы Біртановтың қорғаушысы Дмитрий Куряченко мәлімдеді. «Тергеу оның үйқамақта отыруын ертерек – 12 ақпанда шешіп қойған. Мерзім наурыз айының соңына дейін ұзартылды», – деді Дмитрий Куряченко. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа […]

Түрікстан облысы Төлеби ауданында 2 жаңа мектеп салынып, 1 білім ошағы кеңейтілуде. Атап айтқанда, Қайнар және Ақбастау елді мекендерінде 200 орындық екі бірдей жаңа мектептің, Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназиясына қосымша оқу корпусын салу үшін қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жасалуда. Негізінен ғимараттардың құрылысы былтыр бастау алған. Айта кетерлігі, […]