Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті 2021 жылы Түркістанда өтеді. Осыған орай, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) Бас хатшысы Бағдад Әміреевпен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында Түркі кеңесінің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері қарастырылып, бейресми саммитке дайындық жұмыстары талқыланды. ⠀Негізі бұл саммит Түркістанда […]

Мәскеу қалалық соты ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. «Сот үкімі бойынша, Ив Роше” ісіне қатысты 3,5 жылға шартты соттау мерзімі колонияда өтеу туралы жазаға ауыстырылды. Үй қамауында өткен жылды ескере отырып, Алексей Навальный енді колонияда 2,5 жылын өткізеді», – деп жазылған хабарламада.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Аппарат жиналысы өтті. ҚМДБ аумақтық өкілдіктерінің бас имамдарының қатысуымен өткізілген онлайн мәжілісте еліміздің эпидемиялогиялық жағдайдың «жасыл аймақтарында» орналасқан ауылдық мешіттерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұма намазын өткізу тәртібіне қатысты жоспарланған бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, мешітке келуші жамағаттың санитарлық […]

Түркістан облысының жаңа «Тұран» командасы құрылды. Облыс əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жасақталған бұл команда отандық футболдың дамуына үлесін қосатын болады. Футболдан Қазақстан чемпионатының Премьер-лига ойындарына жолдама алған команда жаңа маусымға жан-жақты дайындалуда. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. «ҚР Футбол федерациясының Атқарушы комитеті […]

Алматы облыстық Білім басқармасының басшысы ұсталды. Бұл туралы «Время» басылымы хабарлайды. Басылымда жарияланғандай, прокурорлар комитет мүшелерімен бірге Алматы облысы білім басқармасының бастығы Майгүл Омарованы қамауға алған. Одан бөлек басқармаға қарасты ақпараттық технологиялар аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Арапби Меңлібаев пен бөлімнің бас маманы Бақыт Абдолданованы да ұстаған. Басқарма басшыларына пандемия кезінде сатып алған техникалар […]