Кәсібін ыдыс-аяқ, парфюмерия, балалар ойыншығын сатумен бастаған Рабиға Байтемірова бүгінде өзі отандық балалар ойыншығын өндіріп отыр. Кәсіпорын «Navruz Plastik – ShR» сауда маркасымен Қазақстан нарығында кеңінен танылуда. Балалар ойыншығын құрастыруды неліктен қолға алғаны жөнінде кәсіпкердің өзі баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. – 1995 жылдары жұбайым екеуміз Қытай, Иран, Ресей және Өзбекстан  […]

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ брифингінде айтты. «10 ақпандағы жағдай бойынша 13 301 медицина қызметкері екпе алды. Вакцинация барлық өңірде жүруде, 778 егу пункті ашылды, олардың 166-сы қазір іске қосылды, барлығы тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. 9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды», – деді министр.

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен кәусар сезім мен тояттамас көңіл, буырқанған шабыт пен сағыныш сыйлаған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұздама, жылы жүрегім» атты әдеби-сазды кеш өтті. Ақиық ақынның туған күніне орай өткен шарада жастар Мұқағали жырынан шашу шашып, лирикалық әндерін тарту етті. Бұдан бөлек сыршыл поэзиясымен […]

Түркістан облысында өткен жылы 61 186 сәби туылған. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға көп. Яғни 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 29,72-ні құрады. Былтыр өңірде 13 463 отбасы неке құрса, оның ішінде 9 316 неке – ауылдық жерлерде, 4 147 неке – қалаларда тіркелген. Сонымен қатар, 2019 жылмен […]

Мереке кезінде ел тұрғындары санитарлық ережелерді ұстанып, бетперде тағып, арақашықтықты сақтап, көп адам жиналатын жерге бармағаны жөн. Ведомство өкілдері жаңажылдық мерекелерден кейін ауру күшейіп кеткенін еске салып өтті. Қазір ауру жұқтыру жағдайлары біршама толастап, бәсеңдеді. «Бүкіл дүниежүзінде эпидемиологиялық жағдай қиын болып тұр. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық бұқаралық іс-шараларға […]