Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті ақын Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында хабарлады. «Нұрсұлтан Назарбаев оның қазақ поэзиясының дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтіп, ақынның жарқын бейнесі мен өнегелі ғұмыры ел жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді», – деп жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы прокуратуралар басшыларының қатысуымен бейне байланыс режимінде кеңес өткізді. Жиын алдында Мемлекет басшысына «Электронды қылмыстық іс», «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай реестрі», «Субъектілер мен объектілерді тексерудің бірыңғай реестрі», «Электронды арыз-шағымдар» және «Аналитикалық орталық» сияқты цифрлық жобалар ұсынылды. Президентке прокурорлардың сотқа дейінгі тергеу […]

Турнирге былтырғы Қазақстан чемпионы («Қайрат»), чемпионаттың жүлдегерлері («Тобыл», «Астана») және біріншілікте 4-орын алған команда («Шахтер») қатысады. Жеребе қорытындысына сай жартылай финалда қостанайлық «Тобыл» мен алматылық «Қайрат», қарағандылық «Шахтер» мен елордалық «Астана» кездеседі. Жартылай финалдық кездесулер 2, 3 наурызда өтеді. Ал үшінші орын үшін матч 5 наурыз, финал 6 наурызға жоспарланған. Барлық […]

Түркістан облысында 1-15 ақпан аралығында 1110 медицина қызметкері Covid-19-ға қарсы екпе салдырды.  Соңғы бір тәулік ішінде әңірде  коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 жағдайы расталды. COVID-19 инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 0,14% құрайды. Пандемия басталғалы бері өңірде 4215 жағдайы тіркелді.  Оның 2704-сі симптомсыз болып, 1 672-і стационарлық ем қабылдады. Елімізде халықты коронавирус инфекциясына […]

Білікті тамыр хирургы, флеболог Талғат Сартаев Шымкентте тамыр хирургиясында соңғы үлгідегі емдеу әдісін алғаш енгізген дәрігер. Ол науқастарға 20 минут ішінде ота жасап, оң нәтижеге қол жеткізген. Жоғарғы дәрежелі дәрігер қазіргі таңда Ресей Федерациясы флебологтар ассосациясының мүшесі. 30 жылдан бері осы салада ізденіп, еңбектеніп келеді. Флеболог маманы өз білімін Греция, […]

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлады adilettv.kz. Бұл қаралы хабарды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады. Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы Арал ауданы Шөміш стансасында дүниеге келген. Еңбек жолын Қазалы аудандық «Ленин туы», Арал аудандық «Толқын» газеттерінен бастаған. […]