“Кейбір өңірлерде жеке қорғану құралдарының тапшылығы немесе сапасының төмендігі байқалып жүр. “СҚ-Фармация” басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәт келді. Олай болмаған жағдайда – орынды босату керек”, – делінген Президенттің Twitter-де жариялаған дәйексөзінде. Бұған дейін Тоқаев елдегі коронавирусқа қатысты “індет өршіп” бара жатқанын айтқан болатын. Оның айтуынша, азаматтар […]

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. 1 сәуірдегі жағдай бойынша, «қызыл» аймаққа енген алты өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта Шымкент қаласы және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір – «жасыл» аймақта. […]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес өтіп жатыр. Президенттің Кеңесте айтқан сөздерін Ақорда баспасөз қызметі Twitter желісінде жариялап жатыр. «Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті, ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген елдер […]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес өтті. Президенттің Кеңесте айтқан сөздерін Ақорда баспасөз қызметі Twitter желісінде жариялады. Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға бір ай ішінде жағдайды түземесе, қызметтен кетуі мүмкін екенін ескертті. «Алексей Владимирович, мен сізге бұған дейін қазіргі кезеңде денсаулық сақтау […]

Баланың оқуға деген ынтасын қалай ашу қажет?, Балаларды гаджеттерден қорғауға бола ма?, Отандық авторларға көбірек әдебиет шығаруға не кедергі? I-BALAQAI шығарылымында сарапшылар пікірін айтатын болады. I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар – Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес – “Вконтакте” әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңес […]

Денсаулық сақтау министрлігі хабарламаны жоққа шығарды, – деп хабарлайды StopFake. Қазақстандық желі қолданушылары арасында тағы бір ақпарат таралды. Бұл жолы өзін дәрігермін деп таныстырған әйел аудио хабарлама арқылы балалар арасында Кавасаки ауруы өршіп тұрғанын айтқан. Хабарламада денесінде бөртпесі бар нәрестелердің суреті болған. Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 жұқтырған балалар арасында Кавасакиге ұқсас […]

Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Украина мен Қазақстан матчы туралы пікірін айты, – деп хабарлайды adilet.tv тілшісі  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Киевте өткен ойын 1:1 есебімен аяқталған еді. “Қараңыздаршы, журналистер Қазақстанды ақымақтар командасы деген. Ал олар Украинамен тең түсті. Соншалықты ақымақ емес, […]

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың денсаулығы сыр берді. Қазіргі таңда оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы бұрынғы бас дәрігердің адвокаты Дмитрий Куряченко “Астана TV” тілшілерне берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі. Қорғаушы оны үй қамағында негізсіз ұстап отырғанына наразы. Ол “Біртановтың ісіне” кедергі келтіру деп есептейді. Адвокаттың сөзінше, […]

2020 жылы Қазақстанда 128,8 мың неке қиылды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7,6% аз. Мәліметтер бойынша ажырасулар саны 2020 жылы 22,5 мыңды құрады. Ал 2019 жылы Қазақстанда 59,8 мың ажырасу тіркелген, деп хабарлады ranking.kz. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында некелердің көп бөлігі Алматыда тіркелді – 15,8 мың. Одан кейінгі орындарда Түркістан облысы […]

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұсынысын қабыл алып, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысуға келісім берген Мемлекет басшыларына ризашылығын білдірді. – Бұл басқосуды бәріміз үшін қасиетті Түркістанда ұйымдастыруды жоспарлаған едік. Алайда пандемияға байланысты күрделі ахуалға орай біз саммитті онлайн форматта өткізуді жөн көрдік. Індеттің беті қайтқан соң, бұрынғыдай бетпе-бет жүздесеміз деп […]

Нұрсұлтан Назарбаев саммитті барша түркі халықтарының киелі мекені –  Түркістан қаласында өткізу жоспарланғанын, алайда соңғы уақытта көптеген халықаралық іс-шаралар эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн режимде өтіп жатқанын айтты. Соған байланысты  осы басқосуды да бейнеконференция форматында өткізу туралы шешім қабылданғанын жеткізді. – Бүгінгі басқосуымыз «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбымен өтеді, […]

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында cырт алаңда өткен Украина және Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі. Ойынның 20-минутында украиндық Роман Яремчук өзінің мүмкіндігін толық пайдаланып кетті. Ал 59-минутта Серікжан Мужиков көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Бұл Қазақстан құрамасының іріктеу сатысындағы […]

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шот-Аман Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті сәулетші, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, егемен еліміздің елтаңбасы авторының бірі Шот-Аман Уәлихановтың өмірден өткені туралы суыт хабарды үлкен күйзеліспен қабылдап, орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты. […]