Шымкент қаласында өткен тәулікте КВИ-дің 66 жағдайы тіркелді (белгілері  бар – 36, белгілері жоқ – 30). 15 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 51 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы  1380 орын бар (қалалық инфекциялық орталық-560, Атамекен клиникасы-500, ЖШС «14 емдеу орталығы»-320 орын), төсек орын толымдығы 22%-ды құрайды, […]

Қарағандылық жедел уәкілдер құны 24 млрд теңге болатын есірткі затын тəркіледі, деп хабарлайды  adilettv.kz тілшісі Хабар24-ке сілтеме жасап. Арнайы операция барысында синтетикалық есірткіні дайындап, кейін сататын төрт зертхана анықталды. Оның екеуі Қарағанды облысында. Біреуі Ақмола аймағында, тағы бірі Павлодар қаласында. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы наурызда Ақмола облысында ұсталды. Ол осы өңірден үй […]

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаладағы коронавирус инфекциясының таралуын шектеу жөніндегі жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды adilettv.kz. Жаңа қаулы COVID-19 мутацияланған штамдарына байланысты Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлығы ескеріле отырып қабылданған. Қаулыға сәйкес, 2020-2021 оқу жылының соңына дейін ТжКБ, ЖОО студенттері және жалпы бiлiм беретін мектеп оқушылары кашықтан […]

Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Olympic.kz. Кеше, 2 сәуір күні AIBA президенті Умар Кремлёв 2023 жылғы әлем чемпионатының Ташкентте өтетінін мәлімдеді. «Мықты боксшылар мен чемпиондар шоғырланған Өзбекстанды 2023 жылғы әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде таныстыратыныма қуаныштымын. Жоғары […]