«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпбалалы және жалғызбасты аналарға баспана кілттері табысталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Аталған шарада елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов пен «Отбасы банк» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев сөз сөйлеп, үйлі болған тұрғындарға пәтер кілттерін табыстады. «Біріншіден, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің […]

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 54 гектар аумаққа шиенің (чирешня) ерте пісетін сорты отырғызылуда. Оның 50 гектары Мичурин ауылдық округінде орналасқан «Мөлдір» ЖШС-не тиесілі. Серіктестік директоры Қ.Үсембаев көшетті әзірге 30 гектарға егіп, қалған 20 гектарын күз айларында егуді жоспарлап отыр. «Біз көшетті арнайы Түркиядан алдыртып отырмыз. «Американка» деп аталатын шиенің бұл […]

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің ұжымы Наурыз мейрамы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойына арналған бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды. Департамент бастығы генерал-майор Ә.Дүйсебаевтың бастамасымен «Таза табиғат» акциясы аясында Түркістан қаласындағы дендросаябаққа 30 түп түрлі ағаш көшеті отырғызылды. Санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған шарада қарағай, арша, талшын, ұсақ жапырақты линден, писарда, шығыс […]

Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. “Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Бүгінде, коронавирус індетімен ауырғандар саны күн санап өсуде. Осыған байланысты Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен карантин режимі күшейтіліп, бірқатар шектеу шаралары қарастырылды,-деп хабарлайды Түркістан облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі. Ал, полиция қызметкерлері мобильдік топпен бірге осы шектеулердің орындалуын қадағалап, тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастыруда. Адамдар көп шоғырланатын орындар бақылауға […]

“Қазгидромет” синоптиктері 6-8 сәуірде Қазақстанның кейбір өңірлерінде күн жылынатынын мәлімдеді. Солтүстік Қазақстанда циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде көктайғақ, найзағай және бұршақ болуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз жылы ауа райы қалыптасады. Синоптиктер болжамына сүйенсек, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, бірақ соған қарамастан күн жылы болады. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. […]

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті,-деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, […]

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы Төлеби ауданында да жүзеге асуда,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік жағдайы аса төмен, көмекке мұқтаж тұрғындарға көмектесу. Қазіргі таңда аудан бойынша жағдайы төмен 59 отбасының тізімі жасақталған.  Тұрғылықты мекен-жайларына қарай әр отбасыны келісімдері бойынша аудандық […]

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды. Бұл ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек растады. Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. […]

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам қандас мәртебесін алды, – деп хабарлайды ADILET.TV  тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл 3 966 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 миллион 74,3 мың этникалық қазақ оралды. […]

“Қазақалтынның” екі қызметкері 122 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды ADILET.TV тілшісі Ақмола облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап. Полиция мәліметіне сүйенсек, қылмысты ашуға тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Іс бойынша 300-ге жуық адамнан жауап алынды. “Тергеу тобының назарына Жолымбет кентінің 26 және 34 жастағы екі […]

Қазақстан мен Түркия елі бірлесіп сериал түсірмек. Танымал түрік продюсерлері жұмысқа кірісіп кеткен, – деп хабарлайды “Хабар 24”. Телеарна мәліметінше, жобаға түркиялық продюссер Эмре Конюк қатысады. “Алдағы уақытта 6 бөлімнен тұратын Алып-Арслан тарихи телехикаясын түсірмекпіз. Туындыдағы соғыс алаңдары мен жазық дала көріністерін Қазақстанда түсіруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Қорқыт Ата […]

Облыстық полиция департаменті бір отбасынан үш адам қаза тапқанын хабарлады. Оқиға болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Назар аударыңыз! Видеоны жүйкесі әлсіз адамдарға көруге болмайды! Полиция мәліметіне сүйенсек, жол апаты 3 сәуірде сағат 20.30 шамасында Самара-Шымкент тасжолында болған. Шымкент тұрғыны Toyota Camry 50 маркалы автокөлігімен Түркістаннан келе жатқан. Бір сәтте жолдың […]

Бұл туралы  ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі хабарлады. “МТҚ” АҚ ақпараттық қауіпсіздік оқиғасын тергеу аясында Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген 3 миллионнан аса қазақстандық қолданушының деректері әшкере болғаны анықталды. Кеше хакерлік форум қолданушыларының бірі Facebook әлеуметтік желісінің 106 елден 533 миллионнан аса қолданушысы туралы мәліметтер базасын жариялады. Зерттелген материалдар бойынша, Қазақстан Республикасының қолданушыларына […]