«Самұрық-Қазына» басқармасының шешімімен Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы 20 мамырда туған, білімі жоғары, мамандығы – экономист. Еңбек жолын 1991 жылы «Еңбек» компаниясының бас директоры болып бастады. 1997-2002 жылдары Қазақстанның кәсіпкерлер конгрессінің атқарушы директоры, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның […]

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық әл-ауқат қорының былтырғы және 2021 жылдың  бірінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелері, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді. – «Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылды табысты аяқтады. Былтыр Қор компанияларында қызметкерлердің саны айтарлықтай қысқартылған жоқ, үздіксіз өндірістік процесс сақталды. 2020 жылдың қорытындысы […]

Түркістан қаласында дәрігерлер шала туған үшемнің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды adilettv.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. №3 облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері небәрі 1,5 кг салмақпен туған нәрестелерді 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып, бүгін перзентханадан шығарып салды. Ұрпағы көбейіп, өрісі кеңейген отбасының жас ана мен шала туған шақалақтардың өмірін арашалап […]

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласы әкімдігінде өткен актив жиынында шаһардың жаңа басшысын таныстырды. Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды. Ғанибек Қазантаев 1960 жылы Қызылорда облысында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (инженер-құрылысшы) және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін (мұнай және газ кеніштерін игеру) тәмамдаған. Еңбек жолын […]

Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша облыс әкімдігі тарапынан тиісті шаралар қолға алынып отыр. Негізсіз баға көтерген тауар жеткізушілерге шара көрілетін болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данабек Махатов мәлімдеді. Оның сөзінше, Түркістан қаласындағы әлеуметтік […]

Еліміздің Тұңғыш Президенті 2018 жылы Бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын. Олардың бірі студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған. Осы міндетке қол жеткізу үшін жекеменшік сектордың кеңінен қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленді. Біз инвесторларды, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылай қолдауымен студенттік жатақханалар құрылысына қаржы салуға шақырамыз. Осылайша өңірлерде жатақханалар […]

Шымкент қаласының тұрғыны Ғалия Зайдинова – «Еңбек» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша былтыр қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізген. Жас маман алдымен қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеледі. Содан кейін «Бастау бизнес» оқу курсын тәмамдап, сертификатқа ие болған. Үміткер қайтарымсыз грант алу үшін, комиссияға оқу орталығын ашу бойынша бизнес-жоспарын ұсынады. Нәтижесінде […]

Түркістанда  Агенттік  өкілдерінің қатысуымен  Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қезекті   комиссия  отырысы өтті,-деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті. Аталған арнайы жиынға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  төрағалық етті. Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы […]

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің ғимаратында халықтың психологиясын, ұлттық болмысын ескере отырып, сөйлеу шеберлігін арттыратын «Сөз менеджменті» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шара мақсаты мемлекеттік қызметкерлер және халықпен тығыз байланыста жүрген тұлғалардың, сондай-ақ жастардың көпшілік алдында сөйлеу шеберлігін дамыта отырып, қазақ тілінің қадір-қасиетін насихаттау. Рухани […]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалында болып, жеке және тұлғалардың түйткілді мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Арыз-шағымын арқалап келген аудан тұрғындарымен жүздескен Мирас Асқарбайұлы жеке тұрғын-үй, ауыл шаруашылығы, жер, су және әлеуметтік мәселелер және жол жөндеу […]

Президентке Елордадағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина салу шаралары жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар коронавирусқа қарсы екпені тезірек алған жағдайда ғана қоғамдық орындарда бір-біріне қауіп төндірмейтінін, бизнес жандана түсетінін, қызметкерлердің жұмыс орындарына алаңдамай баруына және халықтың қалыпты өмірге қайта оралуына толық мүмкіндік болатынын айтты. Президент тұрғындарға вакцина салуды уақытылы […]