Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін  жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданды. Соның ішінде соңғы өзгерістер туралы айтатын болсақ, бұл өткен жылдың соңында енгізілген қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкасы және […]

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жариялады. Үндеудің толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеуі Құрметті отандастар! Бүгін, 31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні. Өткен […]

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВТІҢ назарына! Көктем шыға кетпенін көтеріп, қос алақаны мүйізгектене жер тырмалап, жан бағатын шаруалардың жыл сайын жырға айналған зары – ағын су мәселесі. Әсіресе, егіп қойған арпасына қыл аяғы су бармай тұрса, дихандардың қалай жаны күйетінін біле беріңіз. Түркістан облысы, Ордабасы және Сауран аудандарының шаруа қожалықтары […]

Ащыбұлақта полигон салу жұмысы тоқтатылды Естеріңізге сала кетейік, «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің 2021 жылдың 20мамырында жарық көрген №14(129) санында «Қолдан апат жасау кімге керек? Ащыбұлақ ауылы қоқыс полигонын салуға қарсы» атты мақала жарық көрген болатын. Қазығұрт ауданы Ащыбұлақ ауылының тұрғындары ауыл іргесіне салынатын қатты тұрмыс қалдықтары полигонының салынуына түбегейлі қарсылықтарын […]

Қазақстанда рейдерлік үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді. Бизнесті рейдерлік жолмен басып алуды ұйымдастырушылар мен шенеуніктер арасындағы көмекшілер де жауапқа тартылады, – деп хабарлайды  Аdilettv.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап. Мәжілістің бірінші оқылымында рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз […]

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы “Айшуақ Жантүгел” ұйымдасқан қылмыстық топ қызметіне байланысты қылмыстық істер мен құрықтау барысын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “2020 жылғы 28-29 қарашада Алматыда “Айшуақ Жантүгел” ҰҚТ-ның жеті белсенді мүшесін құрықтау бойынша арнайы операция өтті. Бұл былтыр сәтті өткізілген операциялардың бірі. Дайындықты ҰҚК мен ІІМ бірлесіп жүргізді. Қылмыстық топты […]

Тимур Сүлейменов Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарының кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиямен келісім бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен Құқық қорғау органдары академиясының ректоры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы тағайындалды”, – делінген хабарламада. Тимур Қайырбекұлы 1975 жылы […]

Таразда 66 жастағы науқас бас дәрігермен кездесуді талап етті. Ол дәрігердің қабылдауын күтпестен “бәрін жарып жіберемін” деп қорқытқан. Тәртіп сақшыларына аурухананы эвакуциялауға тура келді, – деп хабарлайды Adilettv.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Полиция мәліметі бойынша, аурухананы жарып жібермекші болған әйел туралы медбике хабар берген. Тәртіп сақшылары емхананы қоршап, дәрігерлер, науқастар […]

24 мамырда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 27 жасқа толды. Оның туған күнін әртүрлі елдегі мыңдаған жанкүйері бірге атап өтеді, – деп хабарлайды Аdilettv.kz тілшісі “Хабар 24” телеарнасына сілтеме жасап. Димаштың жанкүйерлері әншіге Желіде өлең мен музыкалық шығарма арнап жатыр. Олар Димашқа жүрекжарды тілектерін жариялады. Димаш алғаш рет 2017 жылы Қытайда белгілі […]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли. « Мемлекет басшысы «Казахстанская правда» газетінде 24 мамыр күні жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент […]

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында жүргізуші куәлігінен айырылған 841 адам анықталды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу үшін 17 мамырдан бастап елімізде «Қауіпсіз жол» алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында қозғалыс қауіпсіздігі […]

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бірнеше қызметкеріне аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін қылмыстық іс қозғады,-деп хабарлады ҚазАқпарат. Департамент мамандары аса ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі негізінде жұмыс жүргізуде. Бұл бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлеріне қатысты […]

БҚО-да Жаңақала ауданындағы мектеп-гимназия директоры мектеп оқушысына өгей әкесі тарапынан жасалған жыныстық сипаттағы әрекетті біле тұра, жасырғаны үшін айыпталды. Ол қызметінен босатылып, үйқамаққа алынды, – деп хабарлайды mgorod.kz. 2019 жылы Жаңақала ауданының тұрғыны Жақсыбай Сұлтанов 10 жасар өгей қызына (қазір қыздың жасы 12-де) қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке […]

30 жастағы Аймира Атшыбаеваның босану кезінде бақилық болғанын дәрігерлер дер кезінде жақындарына естіртпеген. Тек денесі мәйітханаға түскенде ғана дүниеге аман-есен келген шақалақтың анасынан айырылып қалғанын біліпті, – деп хабарлайды ADILET.TV  КТК телеарнасына сілтеме жасап. Ал келіншектің өліміне не себеп болғанын айтудан мамандар қашқақтап жүрген. Тіпті қайғылы жағдайдың себебін сұрай барған қаралы […]