Әлеуметтік желілерде Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын игерумен айналысатын компания қызметкерлері жаппай уланғаны туралы ақпарат пайда болды. Денсаулық сақтау басқармасы алты адамның тамақтан уланғанын және ауруханаға жатқызылғанын растады. Топтардың бірінде адамдардың жағдайы ауыр екені хабарланған. “Қосалқы мердігерлік ұйым қызметкерлері жаппай уланды. Адамдар ауруханада, жағдайы ауыр. Олардың кейбіреуі жансақтау бөлімінде жатыр”, – делінген жазбада. Денсаулық сақтау […]

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Денсаулық сақтау министрлігінің “Спутник V” вакцинасының бірінші және екінші дозаларын салу мерзімін 21-ден 90 күнге дейін ұзартуға қатысты жауабына пікір білдірді. “Денсаулық сақтау министрлігінің вакцинацияға қатысты ұстанымын зерттегеннен кейін жауаптан гөрі көбірек сұрақ туындады. Мен денсаулық сақтау министрлігі заттарды әртүрлі атаумен айта отырып, ұғымдарды алмастыратынына таңмын”, […]