Бүгін Шымкент қалалық әкімдігінің алдына бір топ көп балалы аналар өз мұң-мұқтажын айтуға келді. Күннің аптап ыстығына қарамай жиналған Аналар қала әкімі Мұрат Әйтеновтың сыртқа шығып өздерімен сөйлесуін талап етті. Алайда қала басшысы жиын басында болды ма, жоқ, әлде жарты сағат уақыт бөлуге мұршасы болмады ма, төбе көрсеткен жоқ. Ашынған […]

Әйтенов дегенде табиғат шіркіннің төбе шашы тік тұратын болды. Фейсбук деген бір сиқыр бар. Қарамайын десең де, қарайсың. Не жоқ десеңізші?! Әсіресе Шымкент қаласы әкімдігінің жұмысы жөнінде ақпараттар бірінен бірі асып түседі. Наурыздағы миллиондардың қалай сіңгенін ойлап бас қатып жүргенде, жақында Ғалымжан Оразымбеттің парақшасынан мына ақпаратты оқып шалқамнан түсе жаздадым. […]

«Nur Otan» партиясы 2019 жылдан бастап «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциясын тұрақты негізде жүргізіп келеді. Партиялық жобаның негізі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасау және оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс көздерімен қамту. Бекітілген […]

Бүгінгі жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жетінші сессиясында Еңбекші ауданының әкімі тағайындалды. Сессияда депутаттар Есілбек Досбол Күздікбайұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады. Еңбек жолында әлеуметтік салада қызмет атқарып, халықпен тікелей байланыста жұмыс жүргізіп келген Досбол Күздікбайұлының жұмысына сәттілік тілеген қала басшысы Мемлекет басшысының аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауда біліктілігі мен […]

Түркістан облысына күнбағыс майы республиканың басқа өңірлерінен тасымалданады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда күнбағыс майының импорты Ресей мемлекетінен 4,6%-ға төмендеген. Картоп, қырыққабат, сәбіз бағаларының маусымдық қымбаттауы маусымдылық – ауа-райының қолайсыздығына байланысты ерте өндірілетін өнімдер кеш піскен. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өспеуі үшін жасалып жатқан шаралар Түркістан облысының әкімі […]

Бүгін Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының  қызметкерлері күні мерекесіне орай,  «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның төрағалығымен өткен мерекелік кеште ақпарат алаңында жүрген жаңалық жаршыларының […]

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің  күніне орай киелі Түркістан төрінде өңіріміздегі ақпарат саласының үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады. «Өңіріміздегі барша БАҚ өкілдерін бүгінгі кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі таңдағы әлем жұртшылығының ақпаратқа деген сұранысының жоғарылауы – осы […]

Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан отбасының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан ақсақалдарымен жүздесіп, күрделенген мәселелерді ортаға салды. Халық пен билік өкілдері бірқатар мәселені талқылап, алда келе жатқан ауыл әкімдерін сайлау туралы да сөз қозғады. Алғашқы тікелей сайлаудың ең алдымен халық үшін маңыздылығы айтылды. Киелі Түркістан қаласының жаңарған келбетіне куә болған […]

Ел аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 22 маусымдағы хаттамасының негізінде елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы қаланың ресми сайты хабарлады. Жаңа қаулыға сәйкес елордада коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын […]

Биыл Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Қажымұхан ауыл округіне қарасты Көктөбе елді мекеніндегі «Жанұзақ Ата» шаруа қожалығы картоптан мол өнім алмақшы. 10 гектар аумаққа картоптың ресейлік «Коломбо» сортын еккен шаруа қожалық басшысы Бағдат Жолдасбеков өнім көлемін 250 тоннадан асыруды көздеп отыр. «Жалпы өзіме тиесілі 25 гектар суармалы жердің 10 гектарына шетелдік […]

Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 5 айында мемлекеттік бюджет жоспарын 103,5% орындады. Жоспар 118 млрд 782 млн теңге болса, нақты түсім 122 млрд 960 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34 млрд 101 млн теңгеге көп. Бұл туралы брифингте департамент басшысының орынбасары Еркін Елшібеков мәлімдеді. […]

Мереке қарсаңында Жетісай АПБ-нің мәжіліс залында карантин талаптары қатаң сақтала отырып, жеке құрам, ішкі істер органдарының ардагерлері мен Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбектің қатысуымен іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Әкімдіктен келген қонақтар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші Ішкі істер органдары ардагерлері мен Жетісай АПБ-нің жеке құрам қызметкерлерін кәсіби мерекесімен […]

Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдары оқулықтармен толық қамтылатын болады. Бірқатар оқулықтар жаңартылады. 3,6,8 сыныптың зерде бұзылыстары бар білім алушыларына арналған оқулықтары, 4,6 сыныптың нашар көретін білім алушыларына арналған оқулықтар басып шығарылатындығы және де жоғарыда көрсетілген сыныптардың оқулықтарын алу жоспарлануда.Түркістан облысы бойынша жаңа оқу жылына дайындық барысы облыс әкімі Өмірзақ […]

23 маусым – Қазақстан республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан облысының әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Оған Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков,Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов қатысып, облыстың мемлекеттік қызметшілерін құттықтады. Салтанатты мерекеде Түркістан облысы әкімі […]