Шымкентте кеше соққан дүлей дауылдан зақымдалған ғимараттар мен құрылыстар меншік иелерімен қалпына келтірілуде. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Жақсыбаев мәлім етті. «1 маусым күні сағат 18.50 минут шамасында «Казгидромед» филиалының мәліметіне сәйкес қала аумағында орын алған желдің нақты жылдамдығы секундына 26 метрді құраған. Желдің салдарынан […]