Шардара ауаны аумағынан табылған балбал тас біздің заманымыздағы І-ІІІ ғасырларға тиесілі. Көне ескерткіш өз заманының атақты қолбасшысына арнап жасалуы мүмкін, деген де болжам бар. Өйткені балбал тас бетінде әскери бас киім анық бейнеленген. Табылған тас мүсін мұражайдан орын алып, облыстық тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізу жөнінде құжаттар әзірленіп […]

Бүгін сағат 13:10-да Түркістан облысы Төле би ауданының Айғыржыққан және Өгем өзендерінің қосылған тұсынан 500 метр қашықтықта жоғалған туристердің заттары (жемпір, аяқ қиім, ұйықтауға арналған қап) табылды. ТЖМ құтқарушылары оларды полиция қызметкерлеріне табыстады. Туристердің бірінің анасы табылған заттардың арасынан өз баласының киімін таныды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі […]

Шардара ауданында өткен жылы 10 338 гектар жерге бақша өнімдері егіліп, 262 895 тонна өнім алынған. Биыл 11 578 гектар аумаққа бақша өнімі дақылы егіліп, одан 300 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарлануда. Сондай-ақ, ауданға 1 926 тонна егістікке арналған тыңайтқыш бөлінген. Атап айтқанда, 931 тонна селитра, 530 тонна аммафос, […]

Түркістан облысында 2021-2025 жылдар аралығында 110 210 гектар аумаққа 170 млн ағаш көшеті отырғызылады. Қазірдің өзінде «Жасыл белдеудің» аумағы 13 мың гектардан асты. Жыл соңына дейін 20 мың гектарға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев […]

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. Айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған бастамаларын орындау аясында 16 075 қарыз алушының 62 млрд 41 млн теңге ипотекалық қарызы өтелді. 47 133 қарыз алушы жалпы сомасы 144 млрд 53 млн теңге болатын тұрғын үй ипотекалық қарыздарының бір […]