ҰБТ-да төрт түлектің орнына кірмек болған ЖОО студенттері ұсталды. «Әділдік жолы» атты республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов жалған құжат жасаған түлектер мен студенттердің есімін жариялап, бұл жағдайға байланысты елордалық білім беру орталығының өкілдері де қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Жалған құжат жасаған, ҰБТ-ға бөгде тұлғаның кіруіне жол берген түлектер мен […]

Форум Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қатынастарға 30 жыл толуына орайластырылған. Бүгін бастау алған Қазақстан-Америка экономикалық форумы 14-17 маусым аралығында онлайн форматта өтеді. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК »АҚ АҚШ Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырған тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Қазақстан-Америка экономикалық форумына ҚР […]

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинациялау қарқыны төмен өңірлерді атады. Министрдің айтуынша, бүгінге дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін 2 547 363 адам алса, ІІ компонентін 1 435 334 алған. Бұл – екпе алуға жататын халықтың 25,7 пайызы. Өңірлер бойынша, вакцинациялау қарқыны ең төмен облыстар – Маңғыстау (13,2%) және Қостанай (19,5%). […]

Түркістан облысы Жетісай ауданында тәулігіне 2 мың жұп аяқ киім шығаратын цех жұмыс істейді. «Ұлықбек» жеке кәсіпкерлігінде бүгінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Онда аяқ киімнің 6 түрі өндіріледі. Пресс-тур барысында БАҚ өкілдері аталған мекемеде болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Кәсіп иесі Ұлықбек Әбдірахманов алдағы уақытта мемлекеттік қолдауды пайдаланып, бизнес […]

Түркістан облысының БАҚ өкілдері Мақтаарал ауданына жасаған пресс-туры барысында аудан орталығы Мырзакент кентіндегі жаңадан салынған нысандармен танысты. Онда тілшілер жуырда ғана пайдалануға берілген «Даңқ» аллеясына аялдады. Негізінен аудан орталығы статусын алғанына 3 жыл толған Мырзакент кентінде абаттандыру мен көгалдандыру бағытында атқарылған жұмыстар жетерлік. «Ауданда ескірген нысандардың барлығы да қайта жаңарып, […]