Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай өткен «Жаңарған Түркістан» салтанатты кешінде облыстың дамуы мен қалыптасуына сүбелі үлес қосып, еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. «Конгресс-Холл» концерт залында өткен мерекелік шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, Түркістан облысына еңбегі сіңген мемлекеттік қызметшілер мен қоғам қайраткерлерінің ерен еңбегін ерекше атап […]

Түркістан облысының әкімдігі мен «Қазақстандық-Француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорны» ЖШС Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған облыстық жедел көмек станциясын салу туралы меморандумға қол қойды. Оның құрамына кардиологиялық, педиатриялық, реанимациялық-хирургиялық, неврологиялық, психиатриялық, токсикологиялық бригадалар болады. Жедел жәрдем станциясы жылына 70 000 шақырыруға шыға алады. «Бұл жобаның мақсаты – Түркістан қаласы мен оған […]

Көк байрағымызды биікте шарықтатып, қазақ елін әлемге танытқан Бокстан Сидней олимпиадасының және Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденінің иегері, «Оңтүстік Қазақстан облысы және Мақтарал ауданының Құрметті азаматы», Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, аңызға бергісіз жекпе-жектің қаһарманы Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбековтің жүлдесіне арналған бокстан жастар арасындағы ІХ халықаралық турнирі басталуда. Қазақ […]

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына арналған «Жаңарған Түркістан» салтанатты концерті өтті. «Конгресс-Холл» концерт залында өткен мерекелік кешке қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барша қазақстандықтарды құттықтады. “Сіздерді Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуымен құттықтаймын. Түркістан – күллі Алаштың текті төрі, қазақтың шежірелі шаһары және түркітілдес халықтардың рухани астанасы. Сондықтан бұл […]