Шымкентте қала әкімінің жастарды спортқа баулу жөніндегі тапсырмасына сәйкес бірқатар жоба қолға алынған. Атап айтқанда, Еңбекші ауданы аумағында биыл 15 спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 1 спорт алаңы құрылып, тұрғындар игіліне тапсырылды. Ал 14 спорт алаңшасын құру жұмысы қарқын алып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Тұрғындарын бұқаралық спортпен […]

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы әлеуметтік нысандар орналасқан аумақтарда түнгі жарықшамдар санын көбейту туралы аудан әкімдеріне тапсырма жүктеген болатын. Осыған орай аудандарда ауқымды шаралар жүргізілуде. 2021 жылға дейін Абай ауданындағы көшелердің 7 пайызы ғана жарықтандырылған болатын. Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл жеті айда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 26 көшеге жарықшам […]

Шымкенттегі Қаратау ауданында осы жылға дейін 1272 көшенің 36 көшесі жарықтандырылған болатын. Биыл ауданда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тағы 40 көше жарықтандырылады. Қазір оның 19 көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталып, жарықшамдар қойылды. Атап айтқанда, Жоламан, Сарбаздар, Аширов, Гүлдала, Алтынсарин, Мұзтау, Ақпейіл, Арайлы таң, Зеңгі ата, Ақбота, Түлкиев, Бозарық ш/а Ұстамұхамат, Ақжайық ш/а […]

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабын электр қуатымен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары осы жылдың шілде айында басталған болатын. Бүгінде мердігер мекеме «Алтын Констракшн» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстарының 55 пайызы аяқталды. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Содан кейін «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен әр […]

Президентіміздің «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» жобасын жүзеге асырып отырған кәсіпкердің бірі – «Қасқасу С» шаруа қожалығы. Қала халқын сапалы мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған шаруашылық Қаратау ауданы, Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан. Кәсіпкер тұрғындарды ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қолдауларды пайдалана отырып 2 әлеуметтік дүкен ашты. Осылайша […]

Шымкент қаласында Шығыс айналма жолының құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде (№ 1 автожолдан Жібек жолы көшесіне дейін). 2021-2023 жылдарға жоспарланған жол-құрылысының ұзындығы – 3,98 шақырым. Жауапты мердігер мекеме – «Отау Строй» ЖШС. Ал жобалаушы мекеме – «Улмад» ЖШС. Қазіргі таңда аталған нысанның жол негіздемесін дайындау, жол жабынының жер жұмыстары қолға алынған. […]

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының ұйымдастыруымен мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыру және 2021-2022 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша жиын өтті. Аталған іс-шараға аудандық әкімдіктердің және басқа да тиісті мекемелердің қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, ҚР Кооперативтер Ұлттық қауымдастығының президенті Қ.Шайх мүлік иелерінің […]

Шымкент қаласы Қаратау ауданында көркейту, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы мақсатта аудан аумағындағы «Ақжайық» шағынауданының №63/27, 69/36, 69/37, 69/38, 69/40, 69/43,69/ 44 тұрғын үй аулаларында іске асып жатқан балалар ойын алаңшасының абаттандару жұмыстарымен Қаратау әкімінің орынбасары Қ.Қалдықараев аралап көрді. Тұрғындармен кездесіп, үйлердің ауласында атқарылатын абаттандыру жұмыстарымен таныстырды. Аталған алаңшаның […]

Сайлауалды бағдарламасы аясында әзірленген «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Жол картасының бесінші бағыты Шымкент қаласындағы шалғай елді мекендерді көркейту. Мәселен, шалғай орналасқан шағынаудандарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін 8 қосалқы электр станция іске қосылады. Биылғы жылы оның үшеуі іске қосылса, оның біреуі тамыз айында […]

Биыл Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес қаламыздағы жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында ұлттық бейнемониторинг жүйесін құра отырып бейнебақылау камераларын орнату тапсырылған болатын. Осыған сәйкес, бейнебақылау камераларын орнату үшін полиция департаментімен мекенжай бағдарламасы әзірленіп бекітілді. Мекенжай бағдарламасында 1500 жалпы бақылау, 200 желілік учаскеге және жол қиылысына 100 […]

Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы, әкімнің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның басшылығымен құзырлы мемлекеттік органдар басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің қатысуымен комиссия отырысы өткізілді. Өңірлік комиссия мүшелері ұлттық комиссияның отырысына бейне-конференц байланысы арқылы қатысты. Күн тәртібіне сәйкес «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының іске […]

Шымкент қаласында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Жол картасы бойынша шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасалуда. 2021-2025 жылдары кәсіпкерлерді жүйелі қолдау шаралары жүзеге аспақ. Шымкентте 2025 жылға дейін «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарлануда. 2021 жылы 21 жобаға несие берілді. «Бизнестің жол […]

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков «Отырар» телеарнасының «Халық пен билік» бағдарламасына қатысып, тікелей эфир арқылы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар сұрақтарды телеарнаның байланыс нөмірі мен «Whats Aap» және «Instagram» желілері арқылы жолдады. Эфир барысында тұрғындардан түскен өзекті мәселелердің дені әлеуметтік сала мен қаладағы тозығы жеткен үйлерге қатысты болды. Тұрғындар […]

«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов партия жанындағы Фронт-офистің ашылу жиынына қатысты. «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасының орынбасары Жанар Әлібекқызы кеңсенің атқаратын қызметі және қоғамдық қабылдау бөлмесінің атқаратын негізгі қызметімен таныстырды. Аталған фронт-офистің негізгі мақсаты – қала […]