Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялады. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары – бұл мемлекеттің, бүкіл қоғамның дамуының стратегиялық бағыты, басты мессенджері. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуының негізгі бағыттары мен қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерді айқындады. […]

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған Жолдау жолдады. Халқымыздың игілігіне бағытталған басты құжат – оң өзгерістердің бастауы екенін айқындап тұрғандай. Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартып, өмір сапасын арттыратын бірнеше басымдықты атап өтті. Жолдауда әлеуметтік саладағы көптеген […]

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ынтымақ» шағынауданы №54 мектепте өткен Президент Жолдауын насихаттау бойынша Абай ауданының актив мәжілісіне қатысты. Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау іс-шарасында зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдарының […]

Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов «Тұрлан» шағынауданы М.Тореза көшесіндегі №6, 6А, 6Б, 6В тұрғын үйлерінің ауласын абаттандыру жұмыстарының барысын аралап көрді. №6, 6А, 6Б, 6В тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнату үшін бюджеттен 78,9 млн теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме «Дорсервис» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Балалар ойын алаңшасында орнатылған […]

Қала әкімінің тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында берген тапсырмасы негізінде мегаполисте бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Оның бірі – қала халқын мүмкіндігінше газбен қамту. Бүгінде бұл кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Сондықтан қалада жүйелі жұмыстар атқарылып, газбен қамтылмаған елді мекендер кезең-кезеңімен көгілдір отынға қол жеткізіп келеді. Әл-Фараби ауданына қарасты Бадам -195 […]

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жастар практикасы» бағыты бойынша жұмысқа орналасқандардың бірі – Жанерке Қуандық. Ол былтыр Шымкент көпсалалы колледжінде медбике мамандығы бойынша білім алған. Жас маман оқу бітірген соң жұмыссыз мәртебесін алып, биыл мамыр айында халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы № 1 қалалық Клиникалық ауруханасына уақытша жұмысқа жолданды. […]

Мегаполистің мұнай-газ секторында Шымкент мұнай өңдеу зауыты – «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС атауымен танымал. Бұл Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының бірі және республикада өндірілетін мұнай өнімдерінің жалпы көлемінің 30%-ын құрайды. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС зауыты модернизациялау және қайта жарақтандырудың ауқымды жобасын […]

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында еңбек ету үшін жұмыс берушіге рұқсат етілген 250 шетел азаматы тіркелген. Биыл 1-ші маусымдағы жағдай бойынша жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға 322 бірлік квота бөлінді. Оның негізінде қаладағы 33 кәсіпорын мен ұйымдарда 250 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен жұмыс істеуде. Шетелдіктерге қала аумағында жұмыс […]

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» ішінен ашылған «Ұтқыр» әлеуметтік патрулі қалада рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізуде. Патруль қызметкерлері іс-шара барысында Төле би көшесінің бойында орналасқан Қырғы базар маңында, Құрманбеков көшесінің бойында орналасқан №1 қалалық аурухана алдында және Республика даңғылының […]