Биылғы жылы Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылды. Аталған жобаға 29 жасқа дейінгі мүлдем жұмыс өтілімі жоқ жұмыссыз жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар қатыса алады. Сонымен қатар, алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және […]

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Жастар практикасы» бағыты бойынша жұмысқа орналасқандардың бірі – Валерия Полукчи. Шымкенттік жас биылғы жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Кәсіпкерлік экономика құқығы саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оқу бітіріп, қолына диплом алған жас маман шілде айында Шымкент қаласының полиция департаментіне жастар практикасымен 6 ай мерзімге жолданып, қазіргі […]

Елімізде медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын кәсіпорынның бірі «Казмедприбор» ЖШС Шымкентте орналасқан. Кәсіпорын 2005 жылы құрылған. Жыл басынан «Казмедприбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 120 мың литрден астам дезинфекциялық заттар, 6 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 25 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Қазіргі таңда мекемеде 100-ге тарта қызметкер жұмыс […]

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды айтты. Осы бағытта Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 1 мың төсек орындық аурухана салынады. Сонымен бірге 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. Қала орталығынан шалғайда орналасқан аумақтарда 12 […]

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп кітап оқуға насихаттайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген […]