2021 жылдың 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында XIV және әйелдер арасында VII әлем чемпионаты өтті. Әлемдік сайысқа дүниежүзінің 18 елінен 9 ерлер және 5 әйелдер командасы қатысты. 5 қыркүйек күні өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты аясында жарыстың соңғы кезеңі өткен […]

Ертең елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Екі айға созылатын жыл сайынғы дәстүрлі шара 15-қарашада аяқталады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді. Басқарма басшысының сөзінше, еліміздің әр азаматы жылына бір рет емхананы еркін таңдай алады. «Емхананы таңдау науқаны екі айға созылады. Яғни, […]

Өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды қысқарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. «25 тамыздан бері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық бөлімше ретінде ашылған 57 нысан жабылды. Жалпы төсек-орын қоры 12 211 төсек-орынға қысқарды», […]

Шатырынан өткен су жертөлеге бір-ақ жеткен. Нұрсәт шағынауданындағы №130 көпқабатты үйдің тұрғындарының мәселесін тыңдауға қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов арнайы барды. Халық қалаулысына базынасын айтқан тұрғындар көпқабатты үй апатты жағдайда екенін жеткізді. №130 үйдің тұрғыны Халида Тасболатқызының айтуынша, аталған 9 қабатты үйге әлеуметтік осал топтағы жандар 2014 жылы мемлекеттік бағдарлама […]

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Сайрам көмекші мектеп-интернаты бұдан былай «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Бұрынғы мектеп-интернаттың орнына типтік үлгідегі жаңа ғимарат салынуда. Бүгінде ғимарат құрылысы 95 пайызға аяқталып отыр. Оқу кешенінде 210 бала тәрбие мен білім алатын болады. Жобаға сәйкес оқу кешені жатақханамен, […]

Бүгінгі ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердің 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Селекторлық режимде өткен отырысқа Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен барлық басқарма басшылары қатысты. Аймақтардағы дайындық барысы жөнінде баяндаған ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Шымкенттегі білім беру, денсаулық сақтау нысандарының алдағы […]