Шымкент қаласының Қаратау ауданында ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ «STANDARD CEMENT» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кезекті кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен елдің экономикалық дамуын көздеген басты бағыттары мен бастамалары кеңінен талқыланды. Аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жолдаудағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, […]

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Марат пен Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Ергешевтің қатысуымен қала аумағындағы алаяқтық және оның алдын алу шаралары бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Ержан Маратұлы осы жылдың 8 айында қалада болған алаяқтық қылмыстарды мәлімдеді. – Жыл басынан бері 2 600-ден […]

Шымкент қаласына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі Ш.Т.Каринова қызметтік іс-сапармен келді. Қызметтік іс-сапарының мақсаты үш ауысымдық мектептердің жай-күйін білу және пандемия кезіндегі білім беру ұйымдарында орын алған олқылықтарды жою үшін жасалып жатқан жұмыс жоспарымен танысу, зерделеу, бағыт-бағдар беру. Іс-сапар барысында вице-министр Ш.Т.Каринова №137 ЖОББМ Білім ордасындағы оқу-тәрбие […]

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары м.у.а Бақдәулет Өтембаевтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз жиынында Бақдәулет Серікұлы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталды. – Осы жылдың І жартыжылдық қорытындысымен Абай аудандық кірістер басқармасының мемлекеттік бюджет жоспары 108 пайызға орындалды. Есепті мерзімде бюджетке 1 747,3 млн теңге […]

Шымкент халық саны қарқынды өсіп жатқан қала санатында. Қаламызды заманауи білім орталығына айналдыру – уақыт талабы. Шаһардың басты байлығы – оның тұрғындары. Адами капиталды арттыру міндеті қаламыздың бес жылдық даму жоспарының маңызды тармағы ретінде енді. Алдағы бес жылдық кезеңде апатты, үш ауысымды мектептер мәселесі түпкілікті шешіліп, ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан мектептердің […]

Абай ауданы аумағында орналасқан Ынтымақ-2 шағын ауданындағы су құбырын тарту жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгінде құбырларды жуып-шаю, дезинфекциялау жұмыстары атқарылып, ауыз су беруге дайындық жұмыстары атқарылуда. Аталған жұмыстардың барысын бүгін қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары А.Ашаевпен бірге журналистер арнайы барып көрді. Шағынаудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету […]

Шымкент қаласында Арғынбеков көшесінің бойымен Жібек жолы көшесінен бастап №2 коллекторға дейін канализациялық коллектор құрылысы қарқынды жүруде. Коллектордың жалпы ұзындығы 13,1 шақырымды құрайды. 2020 жылдың қазан айында мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан басталған құрылыс жұмыстарының бүгінде 60 пайызға жуығы аяқталды. Пресс-тур барысында қаладағы журналистер осы нысан құрылысының жұмысымен танысты. Қалалық […]

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы Ерімбетов көшесінің бойындағы магистралды жылу жүйелерінің құрылыс жұмыстары қала әкімінің ескертуінен кейін қарқын алды. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Боранбаев бастаған бір топ журналист «Сайрам» шағынауданындағы АДЦ-160 Гкал қазандығынан РК-1 аудандық қазандыққа дейінгі магистралды жылу құбырының қазіргі жағдайымен танысты. Салалық басқарма басшысы бұл нысан […]

Шымкентте жаңа оқу жылын 203 мектеп дәстүрлі оқу форматымен жұмысын бастады. Мектептер биыл 234 мыңға жуық оқушыны қамтып отыр. 25 мың бала мектепке алғаш рет барды. Мегаполис тұрғындарының төрттен бірі – мектеп жасындағы балалар. Бұл өсім потенциалы жоғары қала дегенді білдірсе, мектептер санын көбейтуге қажеттілік бар дегенді ұғындырады. Мемлекет басшысының […]

Бүгін Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде жалпы 15 мәселе қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сессияны Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырды. Жиында алдымен «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыға түсті. Бұл жөнінде қалалық экономика және […]

Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым жұмыстарының барысымен таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне пресс-тур ұйымдастырылды. Ең алдымен журналистерді қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков құрылысы жүргізіліп жатқан автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылыс барысымен таныстырды. Басқарма басшысы Шымкент қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ […]

Шымкент қаласында 2021 жылдың 17 қыркүйек күні «Арбат» алаңында сағат 10.00-18.00-ге дейін жұмыссыз жастарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараның мақсаты – қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері, жалпы 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жүрген жастарды нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту, жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар […]

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбековтың қатысуымен өтіп жатқан пресс-тур барысында журналистер құрылысы жүргізіліп жатқан үш магистралды су құбырының құрылыс барысын аралап көрді. Жалпы ұзындығы 11,37 шақырымды құрайтын «Көмешбұлақ» нысанының құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Қазіргі уақытта 8,3 шақырым құбыр орнатылып, құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталды. Нысан құрылысын […]

Қаламыздың білім саласында жемісті етіп жүрген ұстаз-педагогтар жетерлік. Білікті мұғалімдер қала болашағын қалыптастыруда. Абыройы артып, шәкірттері үздіктер қатарынан көрініп жүрген мәртебелі мамандық иесінің бірі – Гүлнұр Алмаханова. Ол өз ісінің кәсіби маманы, білікті педагог ретінде қала тұрғындарына жақсы таныс. Әр мұғалім еңбек жолында шәкірт тәрбиелеуде үздік оқу әдісін қолданады, оны […]