Шымкент қалалық №2 аурухана қалыпты тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Бұл туралы медицина орталығын қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның аралауы барысында айтылды. Аурухана карантин шаралары күшейген жаз уақытында қатаң тәртіпте жұмыс істеп, 10 шілде мен 17 қыркүйек аралығында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың емдеу орталығына айналды. Соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған орталықта жансақтау […]

Шымкентте Болат Өтемұратов Қорының Jas Leader Akademiiasy жобасы аясындағы факультативтік сабақтар басталды. 5-11 сыныптардың 12 мыңнан астам мектеп оқушылары заманауи әлемде сұранысқа ие дағдыларды меңгереді. Сөйтіп, балалар қызықты интерактивті форматта презентация өткізуді, топта жұмыс істеуді және уақытты жоспарлауды үйренеді. Оқу жылының басына қарай оқушылардың жасына байланысты бейімделген оқу құралдары әзірленді. […]

Құрлықтық чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жүлдеге ие болды. Отандық спортшылар 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады. Екінші орынға 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан командасы, үшінші сатыға 5 алтын және 3 күміс иеленген Индонезия құрамасы жайғасқан. […]

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданына Ұлттық халық санағын жүргізу науқанында үлкен жауапкершілік артылып отыр. Себебі аудан халық тығыз орналасқан, адам ағыны көп қаланың орталығы болып табылады. Тұрғындардың ұлттық санаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында аудан аумағында дыбыстық хабарлама ұйымдастырылды. Арнайы көлік дабыл дыбысымен азаматтарды санақтан өтуге шақырды. Қазір Ұлттық санақтың екінші кезеңіне […]

По итогам континентального первенства команда Казахстана завоевала 12 золотых медалей. Отечественные спортсмены лидируют в командном зачете с 12 золотыми, 12 серебряными и 12 бронзовыми медалями. Второе место заняла команда Узбекистана, завоевавшая 5 золотых, 8 серебряных и 4 бронзовых медали, а третье место заняла команда Индонезии, завоевавшая 5 золотых и 3 […]

Шымкентте халық саны қарқынды өсіп келеді. Миллионан астам тұрғыны бар қаланың мектептеріне биыл 233 мыңнан астам оқушы барды. Оның ішінде 25 мың бала мектеп табалдырығын алғаш мәрте аттады. Халық санының өсуі жаңа мектептер ашу мәселесін өзектендірді. Мектептер жетіспеушілігі мәселесін шешуде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік оң нәтижесін көрсетіп келеді. Қаланың іскерлік ортасы білім […]

Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Жалын елдімекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС тарапынан 550 электр бағаналары орнатылып, құрылыс жұмыстарының 85 %-ы аяқталды. Құрылыс жұмыстарын толығымен 2021 жылдың қазан айында аяқтау жоспарда. Жоба бойынша ұзындығы 25 шақырым электр желілері тартылып, 700 […]

Мемлекет басшысының халықпен кері байланыс орнатуды күшейту туралы тапсырмасына сәйкес қала әкімінің бастамасымен осыдан 1 жыл бұрын Шымкентте «Айкөмек-109» орталығы ашылған болатын. Бүгінде қала тұрғындарын жергілікті билік өкілдерімен байланыс орнатуда тиімді жұмыс нәтижесін көрсетіп отыр. @ikomek109.shymkent – қала тұрғындарының қоғамдық көліктерде, адамдар көп шоғырланған және тағы басқа жерлерде заттарды тауып […]

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Жастар лигасында» баскетболдан бірінші орын алған М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия-мектебінде болды. Онда сенбілікке қатысып, оқушылармен кездесті. Бұл мектептің оқушылары да 20 млн теңге болатын жүлде қорына материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 12 дана жылжымалы интерактивті панель алған. Мұрат Әйтенов баскетбол командасының мүшелерімен […]

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аралаған тағы бір мектеп Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы. Бұл білім мекемесі қалада алғаш рет ұйымдастырылған «Жастар лигасында» волейболдан бірінші орынды алған. Білім ордасының оқушылары 20 млн теңге қаржылай сыйлықты мектепке сыйлап, ол қаржыға «Шымкент – қайырымды қала» қоры арқылы мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 12 дана […]

Шымкент қаласында 18 қыркүйек World clean up day Дүниежүзілік акциясына орай жыл сайынғы «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы аясында жалпықалалық сенбілік өттті. Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, тәртіп сақшылары, шахар тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әрбір мекеме өздеріне жүктелген аумақтарды қоқыстан тазалады. Ол жұмыстарға 12 мыңға […]

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың құрылыс алаңына барды. Нысан құрылысы кестеге сай жүргізілуде. Д.Қонаев даңғылы қазан айының басында ашылса, Т.Рысқұлов көшесі қараша айында ашылады деп жоспарлануда. Нысан құрылысына жауапты мердігер – «Bazis Construction» ЖШС-гі. Жолайрықтың жалпы ұзындығы Д.Қонаев даңғылы бойынша – 1 030 м, […]

Шымкент қаласында асфальт жолдың ұзындығы 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері сол жолға көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды. Оның 150 шақырымы термопластиктен болса, қалған 65 шақырымы акрильді краскадан сызылды. Жол таңбалары Т.Рысқұлов (А.Байтұрсынов көшесінен Әл-Фараби көшесіне дейін), Желтоқсан (Д.Қонаев даңғылынан Темірлан […]

Президент кешегі халыққа арнаған Жолдауында агро-өндірісте қордаланған мәселелерді шешіп, тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстарды күшейтуді айтқан болатын. Шымкент қаласында қазіргі таңда жалпы өндірісте тамақ өндірісінің үлесі 20 пайызды құрап отыр. Қаланың мегаполис болуына байланысты, ауыл шаруашылығы жерлері жыл сайын азаюда, осы себепті қалада басымдылық – агро-өндіріске берілетін болады. Бүгінде ауылшаруашылық […]