АҚПАРАТТЫҚ ХАТ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және профессор Сейдулла Садықовтың 70 жасқа толуына орай «Ел Тәуелсіздігі және ұлттық журналистиканың өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық онлайн конференция өткізеді 2021 жылдың 15 қазанында сағат 10.00-де Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ел Тәуелсіздігі және ұлттық журналистиканың өзекті мәселелері» атты Халықааралық онлайн […]

Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында агроөнеркәсіп кешеніндегі қордаланған проблеманың бірі азық-түлік бағасы мен оны бөліп-таратудың тиімсіздігі деп атап өтті. Сонымен бірге көтерме тарату орталықтарын құру бойынша берілген тапсырманың орындалу жайын айтқан болатын. Бұл міндет Шымкент қаласында қалай жүзеге асырылып келеді. Қалалық […]

Шымкентте осы жылдың 8 айында өнеркәсіп өнімінің өсімі 106,4 пайыз болып, 484,5 млрд. теңгеге жеткен. Өндірілген өнімдердің 87 пайызын өңдеу өнеркәсібі құрап отыр. Өңдеу өнеркәсібі саласында жиһаз, химия өнеркәсібі, электр жабдығы, дайын металл, киім-кешек, сусындар, тамақ өнімдері, тоқыма бұйымдары мен мұнай өңдеу өнімдерінің нақты көрсеткіш индексі 100 пайыздан асады. Өнім […]

Мемлекет басшысы «Машина жасау Қазақстан экономикасының, жұмыспен қамту мен экспорттың локомотивіне айналуы керек» деген болатын. Осы мақсатта Елордадағы ЕХРО халықаралық көрме кешенінде Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумы өтіп жатыр. Аталмыш форумға Шымкенттің арнайы тақтайшасы қойылып, жергілікті тауар өндірушілер, сонымен бірге «Индустриалды аймақтар» Басқарушы органының директоры қатысуда. Форумның екінші күнінде ҚР […]

Бүгін «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ-нің директоры Заңғарбек Усупахметов және «Шымкент қаласының ахуалдық орталығы» КММ-нің басшысы Азат Әміртаев өзара келісімге қол қойды. Ынтымақтастық барысында Заңғарбек Нышанбекұлы әріптестік келісімнің негізгі мақсатын жеткізді. – Бұл ынтымақтастық шеңберінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру және әлеуметтік сипаттағы ақпарат алмасуды көздеп […]

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен жұмыс жиынында қаланың жылу беру маусымына дайындығы қаралды. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков берген мәліметке сәйкес, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1945 көпқабатты тұрғын үйлердің 98 пайызы жылыту маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады. […]

Шымкент қаласында халықпен кері байланыс орнату, әкімшілік кедергілерді азайту және арыз-шағымдар мен талап-тілектерді бір орыннан қабылдау бағытында «Ашық әкімдік» нәтижелі жұмыс істеп келеді. Әкімдіктің 1-қабатында орналасқан арнайы кеңседе қала әкімі мен орынбасарлары, аудан әкімдері және салалық басқарма басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша тұрақты қабылдайды. Алайда, ел аумағында қалыптасқан эпидахуалға байланысты […]

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады. Онда азаматтардың басым бөлігінде өзекті болып табылатын тұрғын үй мәселесі қаралды. Ерғали Дәулетбекұлы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, пәтерлерге заң аясында қол жеткізу жолдарын түсіндірді. Бүгінгі таңда Шымкентте 46 008 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде жетім […]

Шымкент каласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков қала әкімдігінің инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұхбат берді. Басқарма басшысы қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қорытындылап, тұрғындардың сапалы ауыз су, кәріз жүйесі, табиғи газ, электр қуатымен қамту саласына қатысты сауалдарына жауап берді. Қазіргі уақытта Шымкент […]

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Қала аумағында өтетін жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15% төмен бағада ұсынады. Жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері мен Түркістан облысының Төле би, […]

Бүгін Шымкент қаласының дін істері басқармасының тапсырысымен “Сарын” қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен қаламызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни конфессия өкілдері арасында айлық спартакиада өз бастауын алды. Бұл жоба қала тұрғындары арасында татулық пен келісімді нығайту, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын […]

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Бақытжан Жолдасбекұлы үшінші мегаполистегі коронавирус инфекциясына қарсы атқарылып жатқан шаралар мен эпидемиологиялық жағдай туралы сөз қозғады. – Қазіргі таңда қалада эпидахуал тұрақталып келеді. Еліміз бойынша Шымкент шаhары коронавирусқа қарсы екпе салу бойынша көш бастап […]

Президент Жолдауда «Жемшөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейту және егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егуді бақылауға алған жөн» екенін айтты. Бұл тапсырманың аясында Шымкент қаласында қандай жұмыстар қолға алынды? Шымкент – республикалық қала мәртебесін алуына байланысты, ауыл шаруашылығы жерлері жыл сайын азаюда. Сондықтан ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мал […]

Шымкент қаласында жас режиссерлерге арналған SHYMKENT NOMAD FILM FEST қысқаметражды фильмдер фестивлі өз мәресіне жетті. «Жастар ресурстық орталының» ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Марапаттау рәсіміне қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жас таланттарды құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. – Байқаудың мақсаты – қаламыздағы киноиндустрия саласына […]