Шымкенттік полицейлер күнделікті бекітілген мектеп жанында тұрып, балаларды сабаққа күтіп алып, шығарып салады. Осыған орай, №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында арнайы іс-шара өткізілді. Іс-шара – оқушылардың мектепке баратын, мектептен қайтатын жолдарында қауіпсіз жүріп-тұруларына жағдай жасап, балалардың қатысуымен орын алған жол апаттарына талдау жүргізіп, төтенше жағдайлар мен […]

Шымкент қаласының инвестицялық штаб отырысында хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыға түсті. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-ииновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндама жасады. Басқарма басшысының айтуынша, жалпы 145 хаттамалық тапсырма берілген. Бүгінде оның 137-і орындалса, 8-і орындалу сатысында. Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 2, […]

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында жаңа жобалар мен өзекті мәселелер, аудандарда 2021 жылдарға бекітілген инвестициялардың, хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. Жиында «Zoom» жүйесі арқылы жеке кәсіпкерлер жаңа жобаларын ұсынды. Құрылыс, сауда, көпқабатты тұрғын үй бағытында, жалпы 8 жоба таныстырылды. Атап айтқанда, «Асабаев Д.Е» […]

Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 500 млн. теңгеге тұрғын үй сертификатын беру жалғасады. 2021 жылдың 1 қазанынан бастап бастап төлем қабілетін растаған және банктің ипотекалық қарыз шартын мақұлдау туралы хатын алған азаматтардан өтініш пен құжаттар қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Тұрғын үй сертификаттарын алуға құқығы бар санаттар тізбесі: мүгедек балалары […]

Шымкент қаласында «Shymkent Marathon 2021» атты жылдың ең ірі спорттық іс-шарасы өтеді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған дәстүрлі марафон шаhарда осымен бесінші жыл ұйымдастырылуда. 10 қазанда өтетін марафонның жүлде қоры 7 млн теңгені құрайды. Марафонға қатысуға әлемнің түкпір-түкпірінен әуесқойлар мен спорт сүйер қауым қызығушылық танытуда. Қатысушылар қатарына қосылу үшін shymkent-marathon.kz, […]

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қаласы Қаратау аудандық жастар орталығының коворкинг залында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов қала жастарымен еркін форматта кездесті. Іс-шараға «Шымкент жастар лигасының» 2 орын иегерлері, оқу орындарының және қаламыздың белсенді жастары қатысып, белсенділік танытты. Еркін форматтағы кездесу барысында қала әкімінің орынбасары орталықтың жұмыс барысымен […]

Шымкент жүрек орталығының 20 жылдық мерейтойына орай еліміздің үздік кардиохирургтардың қатысуымен шеберлік сабақтары өтті. Іс-шара барысында Юрий Пя бастаған бір топ білікті мамандар жүрегінде ақауы бар науқастарға күрделі ота жасады. Тәжірбие алмасу мақсатында өткен ота кезінде кардиохирургтар науқасқа жасанды жүрек сорғысын қойып берді. Мамандар бұл құрылғы жүректің қан айналымын қалпына […]

Бүгін Шымкент қаласында «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған «Үздік педагог – 2021» байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Салтанатты жиында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қала мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, байқауда үздік деп танылған педагогтарды марапаттады. 2021 жылдың 26-28 мамыр күндері педагогтерге арналған “Үздік педагог” […]

Әл-Фараби ауданының тұрғындары енді тазалық мекемелеріне тікелей шағымдана алады. Ол үшін қоқыс алаңшаларының алдына ескертпе белгілері жазылған арнайы нұсқаулықтар ілінді. Нұсқаулық тақтайшаларына аумаққа бекітілген қоқыс шығарумен айналысатын мердігер мекеменің атауы, байланыс нөмірлері және қоқыс шығару жиілігі жазылған. Қоқыс уақтылы жиналмаған жағдайда тұрғындар жауапты мекеменің диспетчеріне тікелей ұсыныс-пікірі мен шағымын қалдыра […]

Мегаполисте 2 қазан күні «Шымқала-таза қала» атты жалпы қалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына қала тұрғындары, мектеп, балабақшалар, денсаулық сақтау мекемелері мен мешіттер, коммерциялық нысандардың ұжымдары белсенді қатысты. Қала тұрғындары көп қабатты тұрғын үй аулаларында және жеке секторлардағы көшелерде тазалау жұмыстарын жүргізді. Ал, әлеуметтік мекемелер мен мешіттер және коммерциялық ұйымдардың ұжымдары […]

Шымкент қаласы әкімінің тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл Әл-Фараби ауданындағы аулалар абаттандырылып, бірқатар демалыс, балалардың ойын алаңы мен спорт алаңдары пайдалануға берілді. Ел игілігіне берілген алаңдар Отырар шағын ауданындағы №11, 12, 13, 38 көпқабатты үй мен Әбдіразақов көшесіндегі №3, 9, 1, 2,15 үй, Байтұрсынов көшесіндегі №10, Жангелдин […]

Шымкент қаласының №2 қалалық ауруханасында Нұр-Сұлтан қаласынан келген рентгенхирург Евгений Мунның қатысуымен «Остеоартрит кезінде тізе асты артериясының тармақтарын эмболизациялау» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Тізе буынының ауыр остеоартриті бар науқастарда ауырсынуды тиімді азайту үшін тізе асты артерияның тармақтарын эмболизациялау ұсынылуы мүмкін. Бұл әдісті консервативті емдеуге келмейтін және реконструктивті операцияға мүмкіндігі келмейтін […]

В городской больнице №2 города Шымкент с участием рентгенохирурга из города Нур-Султан Мун Евгения Васильевича проведен мастер класс на тему «Эмболизация ветвей подколенной артерии при остеоартрозе». Эмболизация ветвей подколенной артерии может быть рекомендована для эффективного снижения боли у пациентов с тяжелым остеоартритом коленного сустава. Данный метод рекомендуется использовать пациентам, не […]

Білім көшін ілгері жылжытып, ел қатарлы еңбек етіп отырған ұлағатты жанның бірі – «Үздік мұғалім – 2021» төсбелгісінің иегері шымкенттік ұстаз Асел Турышова дер едік. Өмірлік ұстанымы бар ол еңбекке деген құлшынысы мен табандылығының арқасында биік белестерге қол жеткізіп отыр. Бүгінде қаладағы «Дарынды балаларға арналған №1 ІТ лицей-интернатында» биология пәнінің […]